Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Жас сайлаушылар клубының» ұйымдастыру отырысының № 1 ХАТТАМАСЫ

 

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы                                          «Жас сайлаушылар клубының» ұйымдастыру отырысының

№ 1   ХАТТАМАСЫ

 

Орал қаласы.                                                                                 «11»  қыркүйек 2025 жыл

 

 

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, құрылып отырған клуб мүшелері, масс-медиа өкілдері.  

 

МОДЕРАТОР: Мүстиев Нариман Салауатұлы -  Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

«Жас сайлаушылар» клубын құру туралы, клубтың мақсаттары мен міндеттерін бекіту, клуб төрағасын (жетекшісін) оның орынбасары мен хатшысын сайлау. Клубтың алдағы жоспарларын анықтау мәселелері талқылау үшін жиналдық.....

 

Күн тәртібі:

  1. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы тағайындау туралы;
  2. «Жас сайлаушылар клубының» 2025 жылдың ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарын бекіту.

 

І. Кіріспе сөз – Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы  

                        Давлетжанов Мұхтар Серікұлы:

«Жас сайлаушылар» клубының мақсат- міндеттері - сайлау процесі туралы жастардың хабардарлығын арттыру, азаматтық белсенділікті дамыту, танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру міндеттері тұрғанын атап өтті.

 

МОДЕРАТОР:  Клубты құрудағы мақсат - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру. Ұйым жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеп, олардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарайды, жас буынның сайлау процесіне қызығушылығын арттырумен айналысады.

Клуб жұмысына жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.

 

ІІ. Клуб мүшелері өз қатарларынан төраға, төраға орынбасары, хатшының кандидатураларын ұсынды, дауысқа салынды.

 

МОДЕРАТОР: Жыл аяғы жақындаса да соңғы тоқсанға нақты шаралар жоспарлап, жұмыс жоспарын құруды ұсынамын.

 

 

 

 

 

ІІІ. Сайлау комиссиясының мүшелері, құрылып отырған клуб мүшелерінің талқыланып қала аумағында «Жас сайлаушылар клубының» өткізетін шаралардан құралған нақты жұмыс жоспары жасақталды.

 

МОДЕРАТОР: Бұл кездесу жастардың сайлау үдерістеріне белсенді қатысуы, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және елдің қоғамдық өміріне тарту жолындағы маңызды қадам болады деп санаймын.

⠀

ІV. Күн тәртібіндегі мәселені қарап талқылай келе,  Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Жас сайлаушылар клубы» ҚАУЛЫ ЕТТІ:  

  1. Орал қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы «Жас сайлаушылар клубының» төрағасы Жусіпқалиев Дулат Нурбергенович, орынбасары Тургалиева Эльмира Маликовна, хатшысы Джұмағазы Алина болып сайлансын;
  2. «Жас сайлаушылар клубының» 2025 жылдың ІV тоқсанына арналған жұмыс жоспарын бекітілсін.

 

 

 

Клуб  төрағасы:                                                 Д. Н. Жусіпқалиев

 

Клуб хатшысы:                                                  А. Джұмағазы

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы