МТҚБ Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы

Мемлекеттік орган

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Көлік қызметтері

Функционалды міндеттер

Жалпы басшылықты жүзеге асыру және Басқарма қызметін ұйымдастыру, еңбек тәртібінің сақталуын, қызметкерлер арасында міндеттердің бөлінуін бақылау.

Депутаттардың, Парламент Палаталары мен МТҚБ аппараттарының қызметін тиісінше қамтамасыз ету үшін байланыс, коммуникациялар және ақпараттандыру саласындағы; депутаттарды, Парламент Палаталары мен МТҚБ аппараттарын көліктік қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру; әкімшілік ғимараттарда тиісті жағдайлар жасау және депутаттар, Парламент Палаталары мен МТҚБ аппараттары үшін қызметтік пәтерлерде тұрмыстық жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты үйлестіру. Ведомстволық қарасты кәсіпорындарда енгізілген стандарттардың жұмысын бақылау. Іргелес аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және ландшафтық дизайн саласындағы жұмыстарды үйлестіру. Ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қызметінде жаңа технологияларды енгізу және цифрландыру бойынша жұмыстар. Ақпараттандыру мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті органдарға ұсыну үшін дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің асханалары мен буфеттері қызметінің ұйымдастырылуын және қоғамдық тамақтану объектілерінің жай-күйін бақылау. МТҚБ объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы және терроризмге қарсы қорғалуы мәселелері бойынша жұмыстарды бақылау және үйлестіру. Әкімшілік ғимараттар мен іргелес аумақтардың, қызметтік тұрғын үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерінің санитарлық жағдайын бақылау және тексеру. МТҚБ объектілерінің тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін, ғимараттарды, көлікті, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды ұстау мен пайдалануды, МТҚБ объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуы мен терроризмге қарсы қорғалуын, бақылау және қолжетімділікті басқару жүйелеріне қызмет көрсетуді, Бейнебақылау жүйелерін үйлестіру және жүзеге асыру. Уәкілетті органдар мен Президент Іс Басқармасы анықтаған сәйкессіздіктерді, ескертулер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі жұмысты үйлестіру.

Ведомстволық қарасты кәсіпорындардың шарттарды орындау бойынша орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілерін келісу және бұрыштама қою. Тапсырмалар бойынша материалдарды уақытылы дайындауды жүзеге асыру, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кәсіпорындардың хаттарын, ұсыныстарын қарау, сондай-ақ олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ведомстволық қарасты кәсіпорындар өндіретін қызметтер мен жұмыстарға тарифтерді келісуді жүзеге асырады. МТҚБ қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. МТҚБ басшылығы айқындайтын өзге де функцияларды орындайды.

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының объектілерінде өндірістік санитария бойынша заңнамалық және өзге де актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.06.2020 – 04.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.06.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел данғ., 8, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, № 303 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-74-68