Ресми іс-шаралар басқармасының бас сарапшысы
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Астана қаласы
250000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
- Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
- ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналымы бағдарламасын білу.
3. Мемлекеттік органдардың электрондық порталдарымен жұмыс істей білу дағдылары.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары хаттамаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен, министрліктермен, ведомстволармен, мемлекеттік органдармен және компаниялармен, ведомстволық қарасты кәсіпорындармен ресми іс-шараларға қызмет көрсету мәселелері жөнінде өзара әрекет ету. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары Төрағаларына литерлік рейстерді дайындауды ұйымдастыру. МТҚБ ресми іс-шаралар басқармасының жұмыс жоспарларын жасау және олар бойынша орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша кеңестерге материалдар дайындау. Іс-шараларға көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Чартерлік рейстер мен ресми іс-шараларға жұмсалған шығындар туралы ақпарат дайындау. Іс-шараларға қатысушылардың мәдени объектілерге баруын ұйымдастыру. Іс-шаралардың синхронды және дәйекті аудармасын, сондай-ақ іс-шаралар бойынша материалдардың жазбаша аудармасын ұйымдастыру. Мәжіліс залдары, мейрамханалар мен қонақ үйлер бойынша ақпараттық альбоммен қамтамасыз ету. Астана және Алматы қалаларының әуежайларының "ВИП" залдарында іс-шараларға қатысушылар мен лауазымды тұлғаларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, шай үстелдерін ұйымдастыру. Басқарманың өзге қызметкерлерінің демалысы, оқытылуы немесе еңбекке жарамауы кезінде олардың міндеттерін атқару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.06.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, А314 кабинет,
-
(7172) 74-74-68.