Тактикалық-арнайы жаттығулар

Тактикалық-арнайы жаттығулар

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыра отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу туралы» қаулысына сәйкес Есіл ауданында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиындары өткізіледі.

Жиындар барысында жиындарға шақырылғандардың практикалық дағдылары жетілдіріледі, олардың қойылған міндеттерді орындауға дайындық деңгейі артады, әр түрлі жағдайларда жеке құрамның іс-қимылдарының үйлесімділігі пысықталады.