«Ұлытау облысының қаржы басқармасы» ММ әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау бөлімі бас маманы

Мемлекеттік орган

Управление экономики области Ұлытау

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және Ұлытау облысының даму бағдарламасы негізінде үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті қалыптастыру бойынша жиынтық ақпараттық материалдар мен ұсыныстар дайындау.

            Мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат управления; дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау және олар бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан қорытындылар дайындау.

            Облыстық бюджетті жоспарлау, нақтылау және түзету, бюджетаралық қатынастарға қатысты мәселелер: "республика – облыс", "облыстық - аудандар мен қалалар" және проблемалық мәселелер бойынша құжаттар, жиынтық және ақпараттық материалдар дайындау.

            Облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат сессиясы шешімдерінің жобаларына, облыстық мәслихат шешімдерін іске асыру туралы қаулыларға жетекшілік ететін сала бойынша ұсыныстар дайындау.

            Жетекшілік ететін сала бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде ескерілген қаражаттың көлемі бойынша еңбекақы төлеу саны мен қоры бойынша тоқсан сайын ақпарат дайындау;

            Жетекшілік ететін сала бойынша республикалық селекторлық кеңестерге, облыс әкімінің халық алдындағы есептік кездесулеріне, әкімнің депутаттар алдындағы есебіне, мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары бойынша активтерге, облыс әкімі мен оның орынбасарларының сапарларына қажетті жиынтық және ақпараттық материалдар дайындау.

            . Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жетекшілік ететін әкімшілер бойынша облыстық мәслихаттың әкімдік отырысына, Кеңесіне, сессиясына материалдар дайындалсын.

            Іс жүргізу негіздерін білу. "LogBook электрондық құжат айналымы жүйесі" ААЖ, Е-Қызмет АЖ, "мемлекеттік органдардың Интернет-порталы" АЖ, "Е-өтіш" ИСО және басқа да ақпараттық жүйелердегі жұмыстардың жүргізілуін бақылау.

            Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау.

            Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес міндеттерді сақтау.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі шеңберінде басшылыққа ақпарат жүргізуді және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру. (А блогы).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 06.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7102) 73-31-15