"Ұлытау облысының экономика басқармасы"ММ экономика және бюджеттік инвестициялар салаларының шығыстарын жоспарлау бөлімінің бас маманыны

Мемлекеттік орган

Управление экономики области Ұлытау

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Облыстық бюджетті нақтылау мен түзетуді әзірлеуге, табиғат пайдалануды реттеу; ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы шығыстардың болжамды көлемін (мемлекеттік органдарды ұстау жөніндегі шығыстарды қоспағанда) айқындауға қатысу. Облыстық бюджетті жоспарлауға, нақтылауға және түзетуге қатысты қажетті құжаттарды, жиынтық және ақпараттық материалдарды дайындау. Салалық басқармалармен бірлесіп бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ақпараттық материалдар дайындау. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары (концессиялық жобалар) арқылы Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияда қарау (басқарманың салалық бөлімінің ұсыныстары бойынша). Бөлім бойынша азаматтық бюджетті жасау; ББӘ – жетекшілік ететін басқармалардың бюджеттік өтінімдерін қарау және келісу. Ұлттық экономика министрлігіне ұсыну үшін даму бюджеті (республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалар бөлінісінде) бойынша есеп дайындау. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы және республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары (концессиялық жобалар) арқылы Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау жөніндегі есепті дайындау. Іс жүргізу негіздерін білу. "LogBook электрондық құжат айналымы жүйесі" ААЖ, Е-Қызмет АЖ, "мемлекеттік органдардың Интернет-порталы" АЖ, "Е-өтіш" ИСО және басқа да ақпараттық жүйелердегі жұмыстардың жүргізілуін бақылау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау. Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес міндеттерді сақтау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі шеңберінде басшылыққа ақпарат жүргізуді және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру. (А блогы).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 06.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7102) 73-31-15