«Ұлытау облысының экономика басқармасы» ММ экономикалық талдау, аумақтарды дамыту бөлімі басшысы
Управление экономики области Ұлытау
Ұлытау облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Облыстың және қалалардың, аудандардың әлеуметтік – экономикалық дамуын талдау бойынша жұмыс жүргізу. «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасының (моно және шағын қалаларды, «Ауыл - Ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобасын дамыту) нысаналы индикаторларының орындалуына мониторинг жүргізу. ҚР Ұлттық экономика министрлігінде облыс әкімінің меморандумына енгізілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекіткен түйінді нысаналы индикаторлардың тізбесін келісу. Облыстың бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестициялық саясаттың, Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасының басымдықтарын және үш жылдық кезеңге арналған МЖӘ жобаларын қалыптастыру (салалық басқармалардың ұсыныстары бойынша). Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы және МЖӘ жобалары арқылы бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары, концессиялық жобалар, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелердің экономикалық сараптамасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына жеке әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде бизнес-жоспарларға сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы" облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар"; Салалық басқармалармен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қажетті құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау. Мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және іске асыру мониторингі. Реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдау. Инфляциялық процестерді тежеу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау бойынша ақпарат дайындау. Облыс басшылығының өңірлерге сапарларына материалдар дайындау. Басқарманың, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық, облыстық семинар-кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Облыс әкіміне, Басқарма басшысына бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жолданған азаматтардың ұсыныстарына, өтініштері мен шағымдарына құжаттарды дайындау. Құпия құжаттардың орындалуын бақылауды және сапасын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жұмыс: Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интранет-порталы, "LogBook электрондық құжат айналымы жүйесі" ААЖ. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау. Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша облыс әкімінің, басқарма басшысының атына түскен азаматтардың ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары бойынша құжаттарды дайындау. (А блогы).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)
-
8(7102) 73-31-15