Экономиканы дамыту және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы "Ұлытау облысының экономика басқармасы" ММ

Мемлекеттік орган

Управление экономики области Ұлытау

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Функционалды міндеттер

Экономиканы дамыту және стратегиялық жоспарлау бөлімі  басшысының негізгі міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Ақпараттық-талдамалық жұмыстың нысандары мен әдістерін меңгеру. Бөлім құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау. Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау бойынша материалдар дайындау. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұлттық жобаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру жөнінде ақпарат дайындау. Облыстың қалалары мен аудандары бөлінісінде бес жылдық кезеңге арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын (бұдан әрі - Болжам) әзірлеу. Материалдарды дайындау және болжамды облыстық бюджет комиссиясының қарауына енгізу. Облыстың бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын, ОДЖ-ын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ОДЖ-ның орындалуы туралы есептер мен талдамалық құжаттарды жасау және ұсыну. Аманат партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуге қатысу. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде "облыстың бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру" бағыты бойынша нәтижелілік пен тиімділікті арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды іске асыру бойынша стратегиялық жоспарлау бөлімінің жиынтық материалдарын дайындау. Үкімет мүшелерінің, министрліктердің қатысуымен өткен кеңеске, әкімнің халықпен есептік кездесулеріне, облыс әкімінің брифингтеріне жетекшілік ететін орынбасарға, басқарма басшысына баяндамалар дайындау. Экономиканың дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдау бойынша материалдар дайындау. Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау. Бөлімге жалпы басшылық ету. Келіп түскен құжаттарды талдау, сұрауларға жауап дайындау бойынша жұмысты үйлестіру. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлерге, облыстық басқармаларға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету. Басқарманың, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық, облыстық кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Е-Қызмет АЖ қажетті дербес деректерін енгізу. "LogBook электрондық құжат айналымы жүйесі" ААЖ жұмысы. Өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру; Қызметтік тәртіпті сақтау. Басшының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын, жоғары тұрған органдардың шешімдері мен нұсқауларын орындау. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін заңда белгіленген уақыт ішінде сақтау. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; Олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның және (немесе) Құқық қорғау органдарының басшылығына өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы дереу хабарласын. Облыс әкіміне, Басқарма басшысына бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жолданған азаматтардың ұсыныстарына, өтініштері мен шағымдарына құжаттар дайындау. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 31.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Ұлытау облысы әкімінің аппараты» MM (100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7102) 73-31-15