Сәтбаев қаласының әкімі танымал қазақстандық боксшылармен кездесті

Сәтбаев қаласының әкімі танымал қазақстандық боксшылармен кездесті

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері - Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов және бокстан әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының үш дүркін қатысушысы Біржан Жақыпов Руслан Борисович Юн атындағы бокстан қаладағы алғашқы республикалық турнирге құрметті қонақтар ретінде шақырылды.

Шапағат Әубәкір еліміздегі танымал спортшыларға ізгі тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қарашадан бастап Сәтбаев қаласында бокстан турнир өтіп жатыр.

Қызмет бағыты