Күрделі жөндеу барысымен танысты

Күрделі жөндеу барысымен танысты

Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Төлендина және «Достойный труд» кәсіподақ өкілі Қанатбек Мурзатовпен орталық ауруханадағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аурухана басшысы Жомарт Аханов атқарылған жұмыстарды көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жөндеу жұмыстарын «Rakada group» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізуде. 2021 жылдың тамыз айында бастау алған жұмыстар биыл 31 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Бүгінде төрт қабаттың үшеуінде жұмыстар толық аяқталып, қала тұрғындарына қажетті медициалық көмек көрсетілуде. Науқастарға арналған лифт ауыстырылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына 30 адам жұмылдырылды.

Жомарт Аханов алдағы уақытта медициналық жабдықтар мен арнайы көліктер сатып алу жоспары бар екенін атап өтті.

Қызмет бағыты