Меню

Страницы

Статья

Поздравление с 50-летним юбилеем газеты «Saryarqа»

Құрметті «Saryarqa» газетінің редакция ұжымы мен оқырмандары!

1973 жылы Жезқазған облысы құрылғанда өңір тарихын қағаз бетіне түсіріп, ақпарат айдынында жаңалықтар легін алғашқылардың бірі болып жариялаған облыстық «Saryarqа» газетіне биыл – 50 жыл.
Жарты ғасырлық кезеңінің алғашқы екі ондығын «Saryarqа» газеті «Жезқазған Туы» болып шықты. Одан былайғы облыс тараған уақытта аймақтық мәртебесін сақтап қалды. «Saryarqа» атауымен Ұлытау-Жезқазған аймағының тыныс-тіршілігінен ақпар таратты.
Биыл аймақ баспасөзінің қарашаңырағы облыстық газет мәртебесін қайта алып, жаңадан құрылған Ұлытау облысының басылымына айналып отыр. Осы 50 жыл ішінде «Saryarqа» газетінің бағындырған белесі мен жеткен межесі аз емес. Аға буын қаламгерлер ізін дарынды жас журналистер жалғады.
Бүгінде «Saryarqа» газеті өзінің 8325-нөмірін шығарып отыр. 50 жылда сан түрлі тақырыптарды қозғап, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналған басылым ұжымын 50 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз. Құрметті газет ұжымы, сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Қаламын қылыш еткен сіздерге таусылмас жігер, түгесілмес шабыт тілейміз.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы
Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов

Дата публикации
13 апреля 2023
Дата обновления
13 апреля 2023
Тип
Выступление

Сейчас читают

21 октября 2026
20 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы