Сауда

Жарияланған күні: 20 наурыз 2020
Жаңарту күні: 20 наурыз 2020
Көру саны:14
Жезқазған қаласының аумағында 16 супермаркет, 3 азық- түлік базары, 352 сауда объектісі,13 АЖС және 30 дәріхана жұмыс істейді . 2019 жылы өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 973,3 млн. теңгеге шағын және орта бизнестің 24 жаңа нысаны ашылды, 82 жаңа жұмыс орны ашылды . 2019 жылы тауар айналымының көлемі 40545,1 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,6% (2018ж. – 37689,7 млн. теңге). НКИ-101,4%. Электрондық төлемдер қызметтерін кеңейту мақсатында қаланың барлық супермаркеттерінде коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау бойынша терминалдар орнатылды (" Қазпошта" АҚ , Касса-24). Сондай– ақ, 40 ШОБ объектілерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу технологиясы-post-терминал енгізілді .