Жезқазғанның мәдениет және өнер жұлдыздары
Жарияланған күні: 16 наурыз 2020
Жаңарту күні: 16 наурыз 2020
Көру саны:778
Жезқазғанның мәдениет және өнер жұлдыздары
![]() Абдрасылова Зилиха театр актрисасы
М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр (ВУЗ) училищесі, 1978ж.
Актриса театра с 28.07.1978г. Московское высшее театральное училище им.М.Щепкина, 1978г.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері төс белгісі,2002 ж.
|
1971-1973 жылдары Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәдениет үйінде еңбек етті.1978 жылы Мәскеудегі М.С.Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін бітірген соң театрда еңбек жолын бастады.Содан бері бір театрда үзбей еңбек етіп келеді.Осы жылдар ішінде 30-дан астам рольдерді сомдады.Олардың ішінде М.Әуезовтің «Қараш-қарашында»-Кептертөс, «Қарагөзінде»-Мөржан, С.Асылбековтің «Желтоқсан жаңғырығында»-МарияПетровна,Д.Исабековтің«Әпкесінде»Қамажай,С.Балғабаевтің «Ең әдемі келіншегінде»-Мәдина,Е.Домбаевтің «Ғашықтық туралы балладасында»-Мәстура,О.Бөкейдің «Атау кересінде»-Нүрке,Ф.Буляковтің «Күйеуге шыққан кемпірлерінде»-Фатима,К.Әбдірахманның«Кетбұқасында»-Күлбише,С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлығында»-Бәйбіше т.б тамаша сомдалған образдар бар.
Актриса 2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері төс белгісімен және облыстық мәдениет басқармасы ,т.б.грамоталармен марапатталған.
|
![]() Бәйдешев Ерке Аскарович театр актері.
Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институты, 1979ж.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2007ж.
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2007г.
|
1979 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген соң еңбек жолын жолдамамен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастады.1983-1988 жылдары облыстық телерадио комитетінде дикторы, 1988-2004 жылдары облыстық қуыршақ тетарының артисі болып істеп,2004 жылдан С.Қожамқұлов атындағы театрдың артисі қызметіне ауысты.Осы жылдары Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында» - Өзбек, «Қозы көрпеш – Баян сұлуында» - Жантық сияқты көркемдік шешімі келіскен образдарды сомдады. Актердің кейінгі жылдары сомдаған образдарының да айтар ойы анық,бояуы қанық. Олардың қатарында С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдерінде» -Қасым,Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» - Бастық,Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында»-Нарбол бейнелері ой елегінен өткеріп, жеріне жеткізе кескінделген өрелі кейіпкерлер болды.Ал В.Шекспирдің «Гамлетіндегі» - Розенкранц. А.Володиннің «Қос жебесіндегі» - Жүргіш бейнелері талантты актердің үздік кейіптеген образдарының бірі.
Е.Бәйдешовтің тағы бір қыры - әншілігі..Ол шағын интермедия ойнаудың шебері. Осы өнерлері арқылы қалада өтетін мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, шығармашылық кештердің шырайын шығара өткізеді.
2005 жылы Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының «Сахна саңлағы» номинациясына ие болды.
2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері төс белгісімен марапатталды.
|
![]() Бұлғақбаев Серік Құрматайұлы театр актері.
М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1978ж.
Московское высшее театральное училище им.М.Щепкина, 1978г
Почетное звание (дата присвоения)
ҚР еңбек сіңірген артисі, 1992ж.
Заслуженный артист РК, 1992г.
|
1978 жылы жолдамамен С.Қожамқұлов театрында еңбек жолын бастап,30 жылдан бері бір театрда үзбей еңбек етіп келді. Осы уақытқа шейін 60-тан астам роль сомдап, сахна майталманы атанды. Тынымсыз ізденіс, кәсіби шеберлікті шыңдаудың нәтижесінде қайталанбас образдардың тамаша галереясын жасады. Әсіресе, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Т.Рысқұловтың, И.Ғайыптың «Зұлымдық тамырындағы» - Ғалымжан, республикалық театр фестивальдерінің Бас жүлделерін жеңіп алған Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Жантықтың, М.Әуезовтіің «Абай жолындағы» (инц.К.Ахметовтікі) – Абайдың ,Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезіндегі» - Хан бейнелері сахна шеберінің тамаша талантының айқын көрінісі. Хан бейнесі үшін «Ең үздік ер ролі» номинациясын иеленді.
С.Бұлғақбаев – кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне, сезім иірімдеріне бойлай еніп, мінез өзгешеліктерін бейнелеуге үлкен жауапкершілікпен қарап, кішкентай рольдің өзіне үлкен мағына сиғызудың шебері. Соңғы жылдары актердің сахналаған Ә.Таразидің «Күнәсындағы» - Сәрсен,Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырындағы» - Қожайын, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатындағы» - генерал, К.Әбдірахманның «Кетбұқасындағы» -Кетбұқа, К.Ахметовтың «Қанда бар ғой, қанда!» спектакліндегі – Роман, В.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы - Гамлет образдары соның дәлелі.
Серік Құрматайұлы ертегі кейіпкерлерін шынайы бейнелеу арқылы бала жүрегіне жол тауып жүр. Қарағанды қаласында дәстүрлі өтетін «Театр - балалар көзімен» аймақтық фестивалінде ол сомдаған Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітабындағы» - Әке мысық «Ең үздік ер ролі» жүлдесіне, «Таңғажайып саяхатындағы» - Шал бейнесі фестивальдің арнайы сыйлығына ие болды.2009 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығына «Ең үздік ер ролі» номинациясы бойынша ие болды.
|
![]() Жанботаев Досжан Абдралимович
Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
01.08.1972 жылдан бастап театр актері, театрдың көркемдік жетекшісі, М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1972ж.
Актер театра с 01.08.1972г., художественный руководитель театра, Московское высшее театральное училище им.М.Щепкина, 1972г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
«Құрмет белгісі» ордені 16.04.1976ж.
ҚР халық артисі,1992ж.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 2008ж.
Орден «Знак почета» 16.04.1976г.
Народный артист РК 1992г.
Заслуженный деятель РК, 2008г.
|
1972 жылдан бері С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма театрында еңбек етіп келеді.Актер,режиссер,2002 жылдан театрдың көркемдік жетекшісі
.Осы жылдар ішінде 50-ге жуық рольдерді сомдады. Ол сахналаған қаһармендар ішінде Ш.мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Сталин,А.Штейннің «Толасындағы» - Ленин,Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығындағы» - Жарасбай, А.Дударевтің «Тосқауылындағы» - Шаргай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Қарабай,К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым,жете алмадымындағы» - Жиренша, К.Әбдірахманның «Кетбұқасындағы» - Шыңғыс хан, А.Вовнянконың «Тентек теңізшісіндегі» - Асан, В.Шекспирдің «Гамлетіндегі» - Клавдий, А.Володиннің «Қос жебесіндегі» -Шешен, К.Ахметовтің «Қанда бар ғой, қанда!» спектакліндегі –Байсал сияқты кесек-кесек тұлғалар актер талантын барынша ашып көрсеткен бір-біріне ұқсамайтын сан қилы образдар.
Сахна шебері 28 жасында «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып,31 жасында «Қазақ КСР-на еңбегі сіңген артист»,37 мүшелінде «ҚР халық артисі» атағына ие болды. 1986,1998,2009 жылдардағы республикалық фестивальдердің «Ең үздік ер ролі», ,2007 жылы облыстық мәдениет департаментінің «Үздік режиссер» номиациясын,200862010 жылдардың қорытындысы бойынша облыс әкімінің «Алтын қобыз» сыйлыгына ие болды.60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.2009 жылы Қарағанды қаласында өткен ХҮП республикалық театр фестивалінің «Ең үздік ер ролі» номинациясын иеленді.
Өнер мен өмірден түйгені мол Д.Жанботаев бірнеше спектакльдер қойды. К.Ахметовтің «»Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгенде, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдыр», О.Бөкейдің «Атау кере», К.Жұмабековтің «Әйел махаббаты»,Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапат», «Қадір таңы», М.Байғұттың «Ауған қасіреті» спектакльдері тынымсыз ізденістің жемісі.
Досжан Әбдірәлімұлының актерлік шеберлігі жайында жергілікті басылымдар «Сарыарқа», «Жезказганская правда», «Мысты өңір», «Подробности» мен облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерімен бірге «Қазақ әдебиеті», «Мәдениет және тұрмыс», «Лениншіл жас» , «Егемен Қазақстан» сияқты республикалық басылымдарда зерттеу материялдары, шығармашылық портреттер жарияланып, Б.Құндақбаевтің «Театр және уақыт», А.Қадыровтың «После третьего звонка», К.Құсайыновтың «Жер жәннаты - Жетісу», С.жүнісовтің «Өліара», С.тұрғынбековтің «С.Қожамқұлов. Актер.Азамат.Ұстаз.», К.Мырзабековтың «Дауыл», Ө.Жәнібековтің «Өтті күндер», Е.Тәпеновтің «Өнер белестері» т.б. кітаптарында айтылған.
|
![]() Ибраева Райхан Жумабаевна Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
01.08.1972 жылдан бастап театр актрисасы, сценарист, драматург. М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1972ж.
Актриса театра с 01.08.1972г. Сценарист, драматург.
Московское высшее театральное училище им.М.Щепкина, 1972г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
ҚР Құрмет грамотасы, 2007ж.
Почетная грамота РК, 2007г.
|
Р.Ибраева – театрдың іргетасын қалаушылардың бірі.Театр ұжымының осы уақытқа шейін қол жеткізген табыстарында оның да қосқан үлесі мол.Актриса бүгінге шейін 50-ге жуық роль сомдады.Алғашқы жылдары В.Шекспирдің «Ромео-Джульеттасында» - Джульетта, М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыландысында» - Құртқа, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» -Баян сияқты ару қыздардың бейнелерін ерекше романтикалық леппен бейнелесе, тәжірибесі толыққан кейінгі кездері М.Әуезовтің «Қарагөзінде» - Мөржан, Ш.Айтматовтың «Бетпе - бетіндегі» - ана, Ш.Мұртазаның «Сталинге хатындағы» - Түйметай бейнелері актрисаның шабыттана сомдауы нәтижесінде көрермен жүрегінде сақталып қалды.
Актриса ретінде қалыптасып, кемеліне келіп, сахналық бай тәжірибе жинақтаған Райхан Жұмабекқызы әйел-аналардың тамаша образдарының галереясын жасады. Әсіресе, ол сомдаған К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымдағы»- Ұлжан, Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезіндегі» -ана,О.Бөкейдің «Атау кересіндегі » - Нүрке,К.Әбдірахманның «Кетбұқасындағы» -Бөрте бейнелерінің тағылымы терең, бояуы қанық өрелі кейіпкерлер.
Р.Ибраева – көп қырлы талант иесі.Шебер сценарист, әрі драматург.Қалада өтетін барлық мәдени шаралар Р.Ибраеваның ұйымдастыруында мазмұны терең, түрі өзгеше қалыпта өтеді.2007 жылы ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды.
Оның қаламынан шыққан «Махаббат пен кесапат», «Қадір таңы» Қостанай, Атырау облыстық театрларында қойылуда. «Алтын айдарлы бала», «Сиқырлы кітап», «Таңғажайып саяхат» спктакльдері аймақтық фестивальдің 1,ІІ орындарын иеленіп,автор «Ең үздік драматург» номинациясын алды. «Алпамыс батыр» ертегісі 2007 жылы аймақтық фестивальдің бас жүлдесі – Гран Приді жеңіп алып, аталған пьеса ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің патриоттық тақырыпқа жарияланған конкурста мемлекеттік грантқа ие болды.
|
![]() Ибраев Бакытжан Калижанович
Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
02.07.1985 жылдан бастап театр актері. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институты, 1985ж.
Актер театра с 02.07.1985г. Алматинский государственный театрально-художественный институт, 1985г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2002ж.
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2002г.
|
Б.Ибраев театрда 1984 жылдан бері еңбек етеді.Алғашқы ролдерінен-ақ өзінің болашағынан көп үміт күттіретін талантты актер екенін байқатты.Бақытжанның басты қасиеті – еңбекқорлығы,ізденімпаздығы.Қолжеткенге тоқмейілсімей,жылдан-жылға тәжірибе жинақтап,шеберлігі шыңдалып,ысылған актер сомдаған кейіпкерлерінің ішкі болмысын,жан дүниесінің қатпарлы құпияларын ашуға ден қойды.Ол ойнаған спектакльдер ішінде бүгінгі өмірдің өзекті мәселелерін көтерген, тарихи, елдің әлеуметтік тіршілігін көрсететін аударма дүниелер,өсіп жетілудің сипат дәрежесін пайымдайтын классикалық шығармалар көптеп саналады.К.Әбдірахманның «Кетбұқа»,Ә.Тәжібаевтың «Кетерілген күмбез»,О.Бөкейдің «Атау кере», И.Вовнянконың «Тентек теңізші», К.Жұмабековтің «Әйел махаббаты»,Ә.Таразидің «Күнәсі»,К.Ахметовтің «Ерте ояндым,ойландым,жете алмадым», спектакльдеріндегіЖошы,Қыран,Таған,сержант,Төлеген,Кеще,Айдар сияқты образдарды ішкі психологиялық толғаныстарымен бірге сахналық суретіне,пластикалық түріне,сөз мағынасының ашылуына және осының барлығы да кейіпкерлерінің әрекетіне,мінез өзгешіліктеріне табиғи байланыста болу жағына баса көңіл аударып,сәтті тұлғалады.
Комедиялық спектакльдерде Б.Ибраев басқаша қырынан танылады.К.Ахметовтің «Құданың өзі,құдайдың «көзі» келгенде» сатиралық комедиясында – Құржан,Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы баллада» музыкалық комедиясындағы –Шауырхан,Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа-бір той» музыкалық комедиясындағы –Барбол бейнелері арқылы күнделікті тіршіліктің келеңсіздіктерін өткір де шынайы бейнеледі.В.Шекспирдің «Гамлетіндегі»-Лаәрт,А.Володиннің «Қос жебесіндегі» Жаусоғар,К.Ахметовтің «Қанда бар ғой,қанда!» спектакліндегі Роман бейнелері актердің өнер жолында жақсы салған соқпақтарының бірі. 2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері төс белгісін иеленді.
|
![]() Исинеева Галина Серикбаевна Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
02.03.1984 жылдан бастап қуыршақ театрының актрисасы.
Республикалық эстрада және цирк өнері студиясы, 1993ж.
Актриса кукольного театра с 02.03.1984г. Республиканская студия эстрадно-циркового
искусства, 1993г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2002ж.
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2002г.
|
Исинеева Галина Серікбайқызы 1979 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын бітіргеннен кейін Республикалық қуыршақ театрында актриса ретінде еңбек жолын бастап, 1985 жылдан С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы – драма театрының қуыршақ труппасында еңбек жолын жалғастыруда. Театр ұжымының осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында Г.Исинееваның қосқан үлесі өте мол. Талантты актриса бүгінге дейін көркемдік шешімі келіскен көптеген образдарды сахнаға шығаруда. Кейінгі жылдардың өзінде Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде»-бала, И.Бекмахановтың «Алдар көсесіндегі»-молда, «Тазша баладағы»-бай,уәзірі,В.Поспешиловтың «Ханша мен жаңғырығындағы»-сержант Тонина, О.Федосенканың «Қасқыр мен торпағындағы» - Торпақ, С.Михалковтың «Үш торайындағы» - торай, Ж.Жүзбаевтың «Ақсақ құланындағы»-хан және т.б. ролдерді сомдап, өзінің биік кәсіби шеберлігін танытты.
Галина Серікбайқызы- жоғарғы санаттағы әртіс, сахна шебері, жанжақты, рольдерді екі тілде бірдей ойнайды.
Галина балалардың сүйікті актрисасы, жас әртістердің ұстазы, оларға өзінің бай тәжірібиесін үйретуден жалықпайтын тәлімгер. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды. 2005 жылғы Қарағанды облыстық мәдениет департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
|
![]() Кенжеев Дуйсенбек Борибаевич
Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
02.09.1986 жылдан бастап театр актері. Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институты, 1986ж.
Актер театра с 02.09.1986г. Алматинский государственный театрально-художественный институт, 1986г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
Медаль «Ерен еңбегі үшін», 2002ж.
Медаль «Ерен еңбегі үшін», 2002г.
|
Д.Кенжеев еңбек жолын Шымкент облысы, Шардара аудандық мәдениет үйінің киномеханигі ретінде бастады. 1981-1986 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының «Музыкалық комедия» бөлімінде оқып, оқуды бітірген соң еңбегін С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалы-драма театрында жалғастырды. Содан бері бір театрда үзбей еңбек етіп, сахнада көрермендердің талғамынан шығатын сан алуан образдарды сомдап келеді. Өзіне тән шеберлікпен шынайы сомдалған бейнелерінің ішінде әсіресе Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегіндегі» - Төлеген, Т.Ахтановтың «Күшік күйеуіндегі» - Кубик, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдығындағы» - Алтынбек, Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашындағы» - Зарқымбек, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы бойынша қойылған К.Ахметовтің «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымындағы» - Мағауия, Ш.Айтматовтың «Арманым-Әселіміндегі» - Смайыл, «Бетпе-беттегі» - Сейіт, С.Асылбековтің «Желтоқсан жаңғырығындағы» - Тимур Қалдыбаевич, Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезіндегі» - Замана, К.Әбдірахманның «Кетбұғысында» - Жебе ноян, Күтіз сұлтан, О.Бөкейдің «Атау кересінде»- Таған, Ф.Буляковтің «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» -қарттар үйінің бастығы, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдерінде» - военком бейнелері актер талантын барынша ашып көрсеткен кейпкерлер болды. Соңғы кезде ойнаған В.Шекспирдің «Гамлетіндегі » - Горацио талантты актердің дарынының зор құдіретін жан-жақты көрсеткен роль деуге болады. Соның нәтижесінде Д.Кенжеев Қарағанды облысы мәдениет басқармасының «Жылдың үздік эпизодтық ер ролі үшін» номинациясын жеңіп алды.
2001 жылы Қызылжарда өткен ІХ республикалық театр фестивалінде Д.Кенжеев Жебе ноян бейнесі үшін «Ең үздік эпизодтық ер ролі» номинациясына ие болды. Дүйсенбек Бөрібайұлы актерлікпен бірге әншілікті қатар алып келеді. Семей қаласында өткен Ә.Қашаубаев, Шымкент қаласында өткен Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық әншілер байқауының жүлдегері.
2003 жылы театр өнерін дамытудағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Д.Кенжеев қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсене қатысады. «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасының белсенді мүшесі. Кәсіподақ ұйымының төрағасы
|
![]() Кожаков Мирамхан Назымбаевич
Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
23.08.1972 жылдан бастап театр актері. М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театр студиясы, 1968ж.
Актер театра с 23.08.1972г. театральная студия при Государственном академическом театре им.М.Ауезова, 1968г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2002ж.
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2002г.
|
М.Қожақов 1968 жылы театр жанындағы актерлік студияны бітірген соң еңбек жолын С.Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрында бастады. 1972 жылы С.Қожамқұлов атындағы музыкалы-драма театрына ауысады.Театр іргетасын қалаушылардың бірі.
Табиғатынан өнер үшін жаратылған талантты актер осы жылдар ішінде елуден астам күрделі бейнелерді сомдап шығарды. Өзі ойнаған рөлдерінде кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін, мінез-кейпін дөп басып, дәл беруге ұмтылады. Үнемі ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп, заман ағымынан қалмауға тырысады. М.Қожақов сомдаған рөлдердің ішінде М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында»- Арыстан, «Еңлік-Кебегінде»- Есен, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»- Жалмұқан, Ж.Б.Мольердің «Әлін білмеген әлегінде»- Журден, Ә.Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезінде»- Тұран, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасында» Әнтеп, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлерінде»- Абдолла, К.Жұмабеков инсценировкалаған М.Мағауинның «Әйел махаббатында» -дәрігер, К.Әбдірахманның «Кетбұқасында» - Нартұқ,К.Ахметовтің «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгендесінде» -Дилыбай, Р.Ибраеваның «Қадір таңында» -көрші сияқты бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлер актер сомдауында бітім-болмыстары өзгеше өрілген образар болып шыққан . Мирамхан Назымбекұлы сахна өнерінен жинақтаған бай тәжірибесіне сүйеніп, Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасын қойып, театр репертуарын байытуға үлес қосты.
2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет
қайраткері» төс белгісімен марапатталды.
|
|
Бегайдарова Сәбиракүл Төребайқызы
1983 жылдан театр актрисасы
1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген
2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
|
С.Бегайдарова 1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітіргеннен кейін С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы – драма театрында еңбек жолын бастап,осы театрда үзбей еңбек етіп келеді.Театрдың осы мерзім ішінде қол жеткізген табыстарында С.Бегайдарованың қосқан үлесі мол. Талантты актриса бүгінге дейін көркемдік шешімі келіскен көптеген образдарды сахнаға шығарды. Жоғары кәсіби шеберлік, сахнада өзін өзі ұстай білу, әрбір қимыл, іс-әрекетке ерекше мән беру, сөйлеу мәнері, көрерменді өзіне тарта білу қасиеті оны театрдың белді әртістері қатарына көтерілуіне мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде ол сомдаған И.Вовнянконың «Тентек теңізшісіндегі»-Ұлпан, Ш.Айтматовтың «Бетпе-бетіндегі»-Сейде, М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі»-Ақбала, Ә.Таразидің «Күнәсындағы» -келіншек, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі»-Ақлима, Б.Жакиевтің «Әке тағдырындағы»-Зура, А.Володиннің «Қос жебесіндегі»-жесір әйел және тағы да басқа рөлдердің айтар ойы терең, бояуы қанық.
С.Бегайдарова талантының тағы бір қыры – әншілік. Ол шағын интермедия ойнаудың шебері. Осы өнерлері арқылы қаламызда өтетін мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға бар ықыласымен белсене қатысады және шығармашылық кештердің шырайын шығара ұйымдастырады.
2002 жылы С.Бегайдарова Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
|
![]() Нургалиева Саним Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
30.04.1974 жылдан бастап театр актрисасы.
Абай атындағы академиялық опера және балет театрының студиясы, 1973ж.
Актриса театра с 30.04.1974г. Вокально-хоровая студия при академическом театре оперы и балета им.Абая, 1973г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
«Еңбек ардагері» медалі 16.11.1990ж.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2002ж.
Медаль «Ветеран труда» 16.11.1990г.
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2002г.
|
С.Нұрғалиева 1972 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік опера және балет театры жанындағы студияны бітіріп, еңбек жолын М.Өтемісов атындағы Атырау облыстық драма теарында бастайды. «Атырау-Жайық» ансамблінің әншісі болады. 1973 жылдан С.Қожамқұлов театрында үзбей еңбек етіп келеді.
Рухани дүниесі бай, ішкі дүниесі сыршыл актрисаның әр сомдаған рольдерінен қазақ әйелдеріне тән нәзіктік пен қайсарлық, жұмсақтық пен беріктік, табандылық пен төзімділік сынды қасиеттер айқын танылып тұрады. Сәнім Нарышқызының 40 жылға жуық сахнамен біте қайнасқан өмірінде образдардың терең қатпарлы сырларын жетік меңгере жүріп кейіптеген әйел-аналардың бейнелері соның айқын дәлелі. Мәселен, Б.Майлиннің «Шұғасындағы» - Шұға, М.Әуезовтың «Айман – Шолпанындағы » - Шолпан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуындағы» - Күнікей, У.Гаджибековтың «Аршин – мал – аланындағы » - Жаһан, Т.Молдағалиевтің «Ананың көз жасындағы » - Базаркүл, С.Асылбековтің «Желтоқсан жаңғырығындағы » - Талшын, С.Шәймерденовтің «Әнім сен едіңіндегі » - Сара, И.Вовнянконың «Тентек теңізшісіндегі » - Ана, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Сәлима, Ә.Таразидің «Күнәсіндағы» - әйел, Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа – бір тойындағы» -Гүлбарам, К.Ахметовтің «Қанда бар ғой, қандасындағы» - Ханзия т.б. әйел образының сан қырынан көрінуіне актриса С.Нұрғалиеваның сіңірген еңбегі зор.
С.Нұрғалиева өнердің қос қанатын бірдей меңгерген сыршыл әуені, әсем сазы үйлескен жезтаңдай әнші.
С.Нұрғалиева 2004 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісіне ие болды.
|
![]() Рахишева Татьяна Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
01.08.1972 жылдан бастап театр актрисасы.
М.Щепкин атындағы Мәскеу жоғары театр училищесі, 1972ж.
Актриса театра с 01.08.1972г. Московское высшее театральное училище им.М.Щепкина, 1972г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
«Құрмет белгісі» ордені 22.08.1986ж.
ҚР еңбек сіңірген артисі, 1992ж.
Орден «Знак почета» 22.08.1986г.
Заслуженная актриса РК, 1992г.
|
Рахишева Татьяна 1972 жылы жаңадан құрылған Торғай облыстық музыкалы-драма театрында еңбек жолын осы театрдың негізін қалаушылардың бірі болып бастады.40 жылға жуық бір театрда еңбек етіп келеді.70-ке жуық рольдерді сомдады.
Сахнада алғаш М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Теңгеш ролін сомдады.Одан кейін Карагөз,Баян,Күнікей,Әсел,Ирида,Айнұр,Тоня Туманова ,Бөрте,Бибіхан сияқты әйел-аналар образдарының тамаша галереясын жасады.Татьянаның әр сомдаған образдарында асқан ептілік,өнерге деген шынайы сүйіспеншілік,сахнаның терең құпияларын жақсы білетін білімділік анық байқалып тұрады. Сондықтан да оның кеіпкерлерді ойнау шеберлігі көрермен көңілінен шығып,нанымдылығымен тәнті етеді әрі олардың көкейінде ұзақ сақталады.
Театр сахнасына жан бітіріп, шынайы шеберлігімен танылған актриса драмалық рольдермен қатар,комедиялық образдарды да өмірдің өзіндей шынайы сомдайды. ойнайды. «Қысылғаннан қыз болдықтағы» - Сәбира, «Біздің ауылда қызықтар бола бередідегі» -Халила,Ә.Таразидің «Күнәсындағы» - қатын,Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Бибіхан, Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа*- бір тойындағы» - Гүлбарам бояуы қанық, айтар ойы анық,көрермен көңілінен дөп түскен бейнелер.
Сахна шебері Т.Ракишева 1986 жылы театр өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.1991 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі атағын алып,1978,1996 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.Республикалық,орталық басылымдар мен жергілікті басылым беттерінде Т.Ракишеваның шығармашылығы жайлымақала,очерк т.б. жарияланды.
Т.Ракишева режиссурада да өзінің қарым қабілетін байқап жүр.Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы баллада»,Ә.Таразидің «Күнә» спектакльдерін және өз қаламынан шыққан «Өмір сүргім келеді» спектакльдерін көрермен көпшілік жылы қабылдады.
|
|
Бірмұханов Жұмағазы Хасенұлы.
1984 жылдан театр актері.
1984 жылы М.Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік академиялық театры жанындағы театр студиясын бітірген.
2002 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
|
Бірмұханов Жұмағазы 1984 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық театр жанындағы театр студиясын бітірген соң еңбек жолын Қызылорда облыстық музыкалы-драма театрында бастады. 1988 жылы С.Қожамқұлов атындағы облыстық музыкалы- драма театрына ауысып, содан бері осы театрда үзбей еңбек етіп келе жатыр.
Ж.Бірмұханов театр саласындағы 30 жылдық еңбегінде көптеген рөлдерді сахналады. Ол эпизодтық рөлдерді сомдаудың шебері. Кішкентай рөлдердің өзіне үлкен мағына сыйғызып, терең жауапкершілікпен орындайды. Мәселен, Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы баллада» спектаклінде – Шахмұрат, И.Вовнянконың «Тентек теңізшісінде» – офицер, Ә.Таразидың «Күнәсында» - Кейқуат, К.Тоқбаевтың «Үкімінде» - Барбол, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырында» - Қадыр, М.Әуезовтың «Қаракөзінде» - Тойсары, О.Бөкейдің «Атау кересінде» - Захар, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатында» - «Академик», К.Әбдрахманның «Кетбұқасында» - Жасауыл, т.б.көптің көңілінен шыққан образдар.
Жұмағазы Хасенұлы М.Әуезовтың «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадымыңда...» - Майбасар, Ғ.Мүсреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Айдар, Ә.Тәжібаевтың «Көтерілген күмбезінде» - Шүкайт бейнелерін шынайы сомдай алуы арқылы Республикалық театрлар фестивальдерінде аталған спектакльдердің Бас жүлде – Гран приді жеңіп алуына қомақты үлес қосты.
Ж.Бірмұхановтың соңғы кездегі тынымсыз ізденісінің нәтижесі – Т.Нұрмағанбетовтың «Бес бойдаққа – бір той» комедиясындағы басты рөл – Қырманбай шалдың бейнесі.
Ол Р.Ибраеваның «Сиқырлы кітап», «Алтын айдарлы бала», «Таңғажайып саяхат», Н.Оразалинның «Аққұс туралы аңыз», С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлық» спектакльдерінде ертегі кейіпкерлерін нанымды, бала жанына жақын бере алуы арқылы кішкентай көрермендердің сүйікті актеріне айналды.
Көп жылғы жемісті еңбегі нәтижесінде 2002 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасы, 2004 жылы Жезқазған қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2007жылы Қарағанды облысы әкімінің «Алтын қобыз» сыйлығына «Үздік эпизодтық рөл» номинациясы бойынша ие болды.2008 жылы «Хабар » арнасының Шәкәрім Құдайбердиев туралы телефильмінде Шәкәрім ролін сомдады.
|
![]() Шоманұлы Әбілқасым Атқаратын қызметі
Занимаемая должность
18.06.1974 жылдан бастап театр актері.
М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театр студиясы, 1974ж.
Актер театра с 18.06.1974г. Театральная студия при Государственном академическом театре им.М.Ауезова, 1974г.
Атақтары мен марапаттаулары
(алған уақыты)
Почетное звание (дата присвоения)
«Ерен еңбегі үшін» медалі, 2006ж
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, 2005ж.
Медаль «Ерен еңбегі үшін», 2006г
Почетный знак «Мәдениет қайраткері», 2005г.
|
1974 жылы жаңадан құрылған С.Қожамқұлов атындағы музыкалы – драма театрына жолдамамен келіп,еңбек жолын бастады.
Талантты актер бүгінге дейін 60 шақты образдарды сахнаға шығарды. Олардың ішінде ерекше шабытпен тамаша сомдалған шоқтығы биік қаһармандар көптеп саналады.Мәселен, С.Шәймерденовтің «Әнім сен едің» спектаклінде – Сапар,А.Дударевтің «Тосқауылында» - Буслай, М.Кәрімнің «Тастама отты,Прометейінде» - Зевс,Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» - Қозы,Жантық, «Ақан сері - Ақтоқтыда» - Сердәлі,М.Әуезовтің «Қарагөзінде» - Асан, «Еңлік - Кебекте» - Көбей,Н.Гогольдің «Ревизорында» - Добчинский т.б. Ал. 1996 жылғы республикалық театрлар фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алған М.Әуезовтың «Абай жолы» романы желісі бойынша қойылған К.Ахметовтың «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым» спектакліндегі Ә.Шоманұлы сомдаған Құнанбай бейнесі артист талантының шыңы деуге болады.
Ә.Шоманұлының соңғы кездері сомдаған К.Әбдірахманның «Кетбұқа» спектакліндегі -Шыңғысхан, В.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясындағы - Полоний, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлеріндегі» - Абдулла, Е.Домбаевтың «Ғашықтық туралы балласындағы» - Рәсім, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатындағы» - Арыстан, А.Володиннің «Қос жебесіндегі» -Рубасы бейнелері ой елегінен өткеріп, жеріне жеткізе кескінделген, тағылымы терең, өрелі кейіпкерлер.М.Байғұттың «Ауған қасіреті» спектаклінде Ә.Шоманұлы Маратхан бейнесін сын сағатта қоластындағы жауынгерлерге сенімді серік,адал дос,қамқор аға, қиындықтан жол таба білетін тамаша әскери басшы ретінде көрсете алды.
Ә.Шоманұлы талантының тағы бір қыры – ақындығы мен әншілігі.Ол шағын интермедияда ойнаудың шебері.. Актер 2005 жылы ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталып, 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.
|
|
|
ЗИНАИДА ЧУМАКОВА ( ЗУЛПА СУПЬЯНОВНА ДЖАБРАИЛОВА)
ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, мәдениет қайраткері, ақын және прозаик, Қазақстан және Ресей жазушылар Одағының мүшесі, жеті прозалар өлеңдер жинағының авторы. Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты және Константин Симонов атындағы алтын медаль мен Гавриил Державин атындағы орденнің иегері. Өлеңдері қазақ, шешен, украин, поляк, чех, белорус тілдеріне аударылған. Олардың көбісіне ән жазылып, романс және эстрада түрінде орындалып жүр. 2006 жылы 23 әні кірген «Ренессанс моей души» альбомы жарыққа шықты. 13 жылдан бері Жезқазған «Дидар» телеарнасындағы «Творчество» телевизиялық бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі, қалалық шығармашы-лық зиялылар клубының төрайымы. Мәдениет саласында 35 жылда, мәдениет сарайының көркемдік жетекшісінен қалалық мәдениет бөлімінің бастығына дейін көтерілді. Режиссер, сценарист және көптеген қалалық, облыстық мерекелерді, сондай-ақ байқаулар мен фестивалдерді жүргізді. Бүгінде Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры. Зинаида Супьянқызы Чумакова Жезқазған облыстық шешендер мен ингүштердің «Вайнах» қоғамдық-мәдени орталығын 10 жыл басқарды. Ол Қазақстан халықтар Ассамблеясының бірінші шақырылымының мүшесі, Қазақстан халықтары бірінші форумының делегаты. Тағдыр ақынға Шешенстан мен Ингүшстанда Джохар Дудаев, Зелимхан Яндербиев, Руслан Аушев және Махмуд Эсэмбаев секілді белгілі адамдармен ұмытпайтын кездесулер сыйлады. Ол отандастарымен, зиялы қауым өкілдері - ақындар, сазгерлер мен музыканттармен, жазушылар Одағымен, республиканың жетекші журналдарымен тығыз байланыста. Шешенстанның оқушылары оны 21 ғасыр әйелі деп жариялады. Оның поэзиясына табынушы жезқазғандықтар оның өлеңдерімен шаттанса, ал, достары Зинаида Чумакованың жарқыраған көп қырлы таланты оның көңілінің кіршіксіз тазалығын жаба алмайтынын айтады. Зинаида Супьянқызы Чумакова көптеген жылдардан бері 20 ғасырдың саяси қуғын-сүргін тақырыбын оқып білумен айналысады. Корей, неміс, грек, поляк, солтүстік кавказ халықтарының арнайы қоныс аударғаны туралы материалдар жинады. Ол Ресейдің, Украина және Қазақстанның үлкен мұрағаттарында жұмыс істеді. Стетлаг, Карлаг тұтқындары, тарихшылар мен көптеген саяси әрекеттердің куәгерлерімен және Ингүш және Шешенстанан қоныс аударғандармен кездесіп, алыс және жақын шетелдердің бірнеші тарихи мұражайларында, соның ішінде Түркияның мұражай-мешітінде, Египетте, Түркістанда болды. Солтүстік Кавказ және Приднестровьядағы соғыс қимылдары болып жатқан жерлерде болып, төмендегідей 20-ға жуық мақалалар дайындады. Зинаида Чумакованың тағы бір зерттеу жұмыстарының бағыты – ислам діні. Осы бағытта Египет, Сирия, Түрік мешітерінде дін адамдарымен әңгімелесіп, ұлы ғұламалардың еңбектерін, соның ішінде дүниежүзілік Ислам университетінің, ислам жастары Ассамблеясының еңбектерін оқып, «Ислам- религия разума», «История исламских имен», «Пророк Мухаммед», «Двадцать ракатов тарауха» және басқа көптеген мақалалар жазды. Зинаида Чумакова 2006 жылдан бері Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры. «Көшеге есімі берілген тұлғалар», «Тарих тұғырындағы есімдер», «Ауылым-алтын бесігім», «Ілгерілеу.Серпіліс. Жаңару» т.б. мұражайлық жобалардың авторы. Сонымен қатар бірнеше интерактивті экскурсиялар мен слайдшоу, тарихи тұлғалар мен аңыздардың, табиғат туралы ертегілер театр әртістерінің дауыстарымен бейнеленген шығармашылықтардың да иесі. Зинаида Супьянқызы «Ауған оты шарпыған», «Жүрек жарасы» кітаптары мен арнайы мұражай ұжымымен дайындалған археология, тарихи ескерткіштер мен этнография туралы буклеттердің авторы. Мұражай қызметкерлеріне арналған экскурсовод мектебін ұйымдастырушы.
|
|
|
Исатаев Ерғазы Кенесұлы- 1966 ж.т. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің суретші-қалпына келтіруші, білімі жоғары- Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін және Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, 2000 жылғы қала әкімі сыйлығының «Қолданбалы өнер шебері» номинациясы бойынша жүлде иегері, облыс әкімі мен облыстық мәдениет басқармасының және Кувейт республикасы елшісінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ерғазы Исатаев өз кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысты: Франция Тулуза қ. Халықаралық көрме 1993 ж., Алматы қ. Қастеев атындағы музейде 1997 ж., Түркістан қаласында 1998 ж.; Түркия, Анкара, 1999 ж., Астана қ. Евразия университетінде 1999ж., Қарағанды қ. облыстық бейнелеу өнер музейінде жылына 2 рет, 1998-2009жж; Ресей, Омск қаласында 2005ж., Кувейт республикасы 2008ж. Жұмыстары Жезқазған музейінен басқа Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану және бейнелеу өнер музейлерінде, республикалық «Ұлытау» мұражай-қорығы және «Қазақмыс» музей-кешенінің экспозиция залдарынан орын алған. 1996 жылдан бері Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде жұмыс атқарады. Ерғазы Исатаевтың шығармашылығы сан қырлы, суретші ретінде де, қолданбалы өнер шебері ретінде де, кез-келген материалмен, оның ішінде сүйекпен, терімен, металлмен, ағашпен, таспен жоғары деңгейде жұмыс істей алады. Тарихи-археологиялық музей экспозицияларында, оның 80-ге тарта қолөнер туындылары жәдігер ретінде қойылды. Атап айтсақ: «Қазақ хандығы», «Қола заманындағы әшекей бұйымдар», «Ас-үй жабдықтары», «Алтын адам» әшекей үлгісінің көріністері.
|
|
|
Өтеген Ахмет – Жезқазған тарихи-археологиялық музейі экспозиция бөлімінің меңгерушісі, 1954 ж.т., білімі жоғары, Алматы көркемсурет училищесін «Көркемдік безендіру» және Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтын бітірген. Ұзақ жылғы еңбегі үшін Жезқазған қаласы әкімі және облыстық мәдениет Департаментінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Қарағанды облысы әкімінің 2009 жылғы «Жыл музей қызметкері» атты сыйлығына ие болды.
Музейдегі еңбек жолын 1985ж суретші-қалпына келтіруші қызметінде бастаған. 2007 жылдан бері экспозиция бөлімінің меңгерушісі. Музейдің экспозиция мен реэкспозиция, көрмелердің көркемдік тұжырымдамаларын жасауда көп жұмыс атқаруда. Өз жұмысында Өтеген Ахмет жаңашыл формалар мен біртума идеяларды пайдаланады, идеялық және эстетикалық мазмұнға зор маңыз береді, экспозициялық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін жете зерттейді. Суретші-дизайнер ретінде музей жұмысына ағашқа сурет салу, сграфитто, мозаика, рельеф, барельеф, ойып сызу, нақыш қондыру техникасын кең түрде қолданады. Музейдің арнайы тапсырысы бойынша Алашахан және Жошыхан мазарларының көшірмесін жасаған. Жұмыс барысында ол бірнеше ағаш түрлерін, шпон, берлин лазурі мен түрлі бояғыштар, сонымен қатар ағаш ою және мозаика техникаларын қолданған. Аталған мазарлар көшірмелері Астана, Алматы және Қарағанды қалалары музейлерінің көрме залдарында көрсетіліп, қазіргі уақытта музейдің «Тарих және мәдени ескерткіштер» атты экспозициясына қойылған. Ө.Ахметтің табысты шығармашылығы мен ғылыми жетістігі Ә.Марғұлан атындағы Археология Институтының зерттеулері мен тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚАЭ бастығы Ж.Құрманқұловтың ғылыми кеңесі нәтижесінде дүниеге келген қола заманының металлургиялық пешін жасауда ерекше байқалды. Бұл пеш қазір музейіміздің «Ежелгі металлургия» экспозициясынан орын алған. 2008 жылы жарық көрген «Жезқазған өңірінің қолданбалы өнер шеберлері» атты фотоальбомда шығармашылық жұмыстарының бірнеше репродукциялары да бар. «Алтын қолды шебер» атты номинацияның бірнеше дүркін жеңімпазы. Жезқазған қаласына 50 жыл» атты мерейтойлық төс белгісінің авторы. Кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында 2009ж Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жаңа экспозицияны ғылыми даярлау және құру. Қор жұмысы мен музей жүйесін жаңарту» тақырыбы бойынша музей қызметкерлері біліктілігін көтеру курстарында оқыды.
|
|
|
Капкеева Шарипа Құрманқызы 1975 жылы Шымкенттегі Әль-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтының кітапхана факультетін бітіргеннен кейін жолдамамен Жезқазған қаласына келіп «Металлург» мәдениет сарайының кәсіподақ кітапханасына кітапханашы болып орналасты.
1978 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аға кітапханашы, аға әдіскер, ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы жылдар ішінде облыстық кітапхананың кітап қорының қалыптасуына, құнды кітаптармен толықтыруда көп еңбек жасады. Бірнеше рет іс-сапармен облыс кітапханаларына тәжірибелік көмек көрсетті.
Москва, Нижний Тагиль, Уфа, Қазан, Свердловск, Магнитогорск, Ижевск қалаларында болып, «Еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру» туралы тәжірибе алмасты.
1987 жылы жасөспірімдер кітапханасының директорлығына дейін көтерілді. 1995 жылы Стамбул қаласында өткен Дүниежүзілік кітапханашылар қауымдастығының халықаралық федерациясының мүшесі ретінде 61-ші конференциясына қатысты. 1997 жылдан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханалары біріктірілді. Оған Шарипа Құрманқызы директор болып бекітілді. 2005 жылы қалалық мәдениет бөлімінің «Мәдениет шамшырағы» алтын белгісімен марапатталды. 2006 жылдың бастап С. Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасына кітапхана директоры болып қызмет атқаруда
|
|
|
Шакей Нұржамал Жұманқызы Алматы қаласындағы Қыздар институтының «Кітапхана ісі» факультетін қызыл дипломмен бітірді. Білім жоғары.
С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Кітапхананы дамыту ісі және әдістемелік бөлімінің» әдіскері болып еңбек етуде. Кітапхана саласында 40 жыл еңбек етіп келеді. Кітапхана жұмысының қыры – сырын меңгеріп, «кітапханашы-ұстазы», әдіскерлік маманының майталманы. Балалармен жұмыс жасайтын қала кітапханашылар мен мектеп, колледж, институт мамандары үшін үш жылдық «Мамандық мектебін» ұйымдастырды.
Қаламызда «Бүгінгі кітапхана қызметкерлері: Әлеуметтік беделі мен кәсіптік мәртебесі», «Қазақ әдебиеттеріндегі салт – дәстүрлерді насихаттау жұмыс түрлері» деген тақырыптық семинар, «Ұрпағым саған айтамын» мастер классын өткізу жобасын, «Кітапханашы біліктілігі – кітапхана жетістігі» тақырыпта дөңгелек стол, « Кітап көрмесін ұйымдастырудағы сенің пікірің ?» слайд – шоу тағы басқа көптеген іс – шараларды өткізді.
Отбасылық оқуын қайта жандандыру мақсатында Қалалық балалар және жасөспірім кітапханасында «Балдәурен» отбасылық оқуын ұйымдастыру жобасын жасады. Жезқазған қаласының 55 – жылдығына «Ұлылардың табаны тиген Ұлытау» деген тақырыпта слайд – шоу әдістемесін жазды. 2001 жылы «Таңдаулы кітапханашы», 2006 жылы Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мәдениет шамшырағы» медалімен марапатталды. Қалалық, облыстық мақтау қағаздары мен грамоталарын алған.
|
|
|
Кабира Кариқызы Кариева1945 жылы туылған, қазақ, жоғары білімді,Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Жезқазған қаласы С.Сейфуллин атындағықалалық әмбебап кітапханасының әдіскері. Кабира Кариқызының 100-ге жуық әдістемелік - библиографиялық құралдар, сидеромдар, бейне-таспалар: «Рухы асқақ, еңсесі биік Елорда!», «Кенді аймақ - Жезқазған», «Қара шаңырақ, Қарсақбайым, асылым, жұртым да, ұлтым да сен нәсілім», «Ұлытаудың қос перзенті», «Армысың, өнерліге өріс берген фестиваль!», «Туған өлке қаламгерлері», «Әні қалды тебірентіп» т.б көптеген шығарды. 1984 жылы одақ көлемінде «Отличник культурного шефства над селом» значогімен, 2003 жылы Мәдениет министрінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды. Бірнеше рет селолық, қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Осы жылдар ішінде облыстың қоғамдық-саяси өміріне және қаланың қоғамдық жұмыстарында белсенділік көрсеткені үшін, кітапхана істерінде жеткен жетістіктері, облыстық, қалалық әкімдерінің, маслихаттың құрмет қағаздарымен марапатталды.
|
|
|
Ержанова Ғайния Асылбекқызы Білімі жоғары, ЖенПИ-дің кітапхана факультетінің кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірген.С.Сейфуллин атындағы кітапхананың оқырманға қызмет көрсететін бөлімнің оқу залының жоғарғы дәрежелі, жоғарғы санатты кітапханашы.
1997 жылдан бастап осы кітапханада қызмет істейді. Оқырмандар залында 9000 мыңға жуық кітап қоры бар. Кітапханаға келетін оқырмандар құрамы сан-алуан. Жыл сайын оқу залында 2500-ден аса оқырманға қызмет көрсетіледі. Ғайния Асылбекқызының бастамасымен өткізілген іс-шаралар өте көп. Әсіресе: «Мәңгі өшпес ерлік», (Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу кеші), «Жаңа ғасыр аруы», «Тіл достықтың дәнекері», «Қазақстанның болашағы еңбек адамдары», (Металлургтер күніне) оқырмандардың әр-қилы талап тілегін дер кезінде орындап, олардың көңілінен шығуда. Оқырмандар арасында беделі жоғары өз жұмысын оқу орындарымен байланыстыра отырып жүргізеді. Қаламыздағы әр-түрлі ұлттық орталықтармен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.. Жезқазған қаласының 55 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген әдістемелік құралдар, ұсыныстар шығарды. «Ел сенімін ақтаған», «Ізгілікке толы өмір», «Жердің көркі – гүл, елдің көркі - қыз», «Қазақтың тілін дамыту – ортақ міндет», «От жүректі өжет жандар», «Наурызым – мерекем, наурызым - берекем» т.б. Жылжымалы кітапхана ұйымдастыруға ат салысты. («Қарттар үйі», «Қазақмыс» профилакториясы). Ғайния Асылбекқызы кітапхана ісін дамыту жолындағы еңбегі үшін қалалық маслихаттың, облыстық, қалалық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
|
|
|
Роза Абылханқызы Нұрышева 1954 жылы Туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Шымкент қаласының мәдени институтын бітірген, қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры. Кітапхана саласында 32 жыл бойы еңбек етіп келе жатыр.1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен кездесу форумынынң қатысушысы болса, 1998 жылы Қазақстан Республикасы кітапханашыларының І съезінің делегаты болды. 2004 жылы еліміздің тарихында бірінші рет орын алған Оқуды Қолдау конгресінде «Оқу арқылы Қазақстанды дамытайық» атты баяндама жасады. Облыстық департаментпен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
|
|
|
Қалия Әубәкірқызы Бекетова 1954 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі жоғары.
Аль-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген, Жезқазған қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық–библиография секторының жетекшісі . Білім деңгейін көтеру мақсатында 1978 жылы Москвада, 1986 және 1995 жылдары Республикалық білім көтеру институтында білім алған. Оқырмандарға, балалар оқуының жетекшілеріне, ата-аналарға арналған осы өңірдің белгілі жазушыларының шығармашылығын насихаттау мақсатында библиографиялық құралдар жазды: «Жез тұяқтың сыңғыры» (Әнші, сазгер Ж.Сейіловтің шығармашылығына), «Азапты жолда мұқалмаған адам» (Ақын, публицист, суретші Ю. Грунинге арналған), «Қарымды қайратты қаламгер» (Жазушы, драматург, журналист А. Қаражігітовтің шығармашылығына), «Ағыны терең ақ дария»(Т.Әлжантегінің шығармашылығына), «Жаны нәзік сұлулықтан жаралған» (Ақын З.Чумакованың шығармашалағына арналған), «Жыр дүлдүлі» (Т.Қалмағанбетовтың туғанына -125 жыл.Естелік), «Туған өлке шежіресін сөйлеткен» (С.Т.Бүкіровтың туғанына 85 жыл.Естелік), «Сыры мол Ұлытау» ақпараттық бет, «Туған жерім менің мақтанышым» Жезқазған қаласының 55 жылдығына арналған мультимедиялық бағдарлама, «Мәңгі өлмейтін жыр –ғұмыр» (Ақын М.Мақатаевқа арналған мультимедиялық-библиографиялық ұсыныстық құрал).
2007 жылы «Кітап. Мәдениет. Төзімділік» жоба шеңберінде облыс кітапханашылары арасында жастармен жұмыс жүргізудің тиімді түрлерінің үздік жобасын анықтау сайысында 1 дәрежелі Дипломмен марапатталып, облыстық байқаудың жеңімпазы деп танылған.
Кітапхана саласында көп еңбегі мен жатістіктері үшін Жезқазған қалалық әкімшіліктің, маслихаттың, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.
2009 жылы Кітапхана мамандарының мәртебесін және кәсіби деңгейін көтеруде Облыстық мәдениет басқармасының «Қаланың үздік кітапханашы» номинациясымен марапатталды.
|
|
|
Назымқыз Райқұлқызы Алимбаева 1961 жылы туған, ұлты – қазақ, білімі жоғары. 1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтын бітірген. Кітапхана саласында 22 жыл еңбек етіп келеді. Жезқазған қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында кітап сақтау бөлімінің және толықтыру секторының жетекшісі. Қарағанды қаласында Н.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасында білім деңгейін көтерген. 2008 жылы «Кітапханада қазақ халқының салт – дәстүрін насихаттауда әдебиеттің ықпалы» атты маман – шебер семинарына «Бабаңнан саған не қалған» деген тақырыппен ақпараттық жарнаманың жасалу жолдарына презентация жасады. 2009 жылы кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында кітапханада өткізілген «Кітап көрмесін ұйымдастырудағы сенің пікірің» атты дөнгелек үстелге жаңа түскен кітаптарды оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі топтамаға бөліп, тоқталып,кітап көрмесінің жаңа үлгісін «Құлаған кітап көрмесі» атты әдебиеттер ұсыныстық көрсеткішін шығарды. М.Мақатевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали қазынасы» атты әдістемелік құрал жасады . Жезқазған қалалық әкімшіліктің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, «Нұр Отан» ХДП мақтау қағаздарымен марапатталған.
|
|
|
Тұрар Мейірманқызы Тайжанова 1947 жылы Жезді ауданында дүниеге келген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, оны 1978 жылы «Кітапхана ісін жүргізу және библиография» мамандығы бойынша бітірді. Өзінің еңбек жолын 1964 жылы Жезді аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып бастады. Содан бері кітапхана ісін белсенді насихаттап келеді.
Балалар кітапханасын кітапханашысы, Ұлытау селосындағы аймақтық кітапхана меңгерушісі, аудандық кітапхана әдіскері, аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы, облыстық кітапхана библиографы болып қызмет атқарды. Ол 1982 жылдан – Жезқазған қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің білікті басшысы.
Тұрар Мейірманқызы өткізілетін іс-шаралардың сапасына, кітапхананың және оның филиалдарының эстетикалық жағынан көркем безендірілуіне ерекше көңіл бөледі. Тұрар Мейірманқызының таусылмас қажыр-қайратының арқасында кітапханада әдеби клубтар және қызықты басқа да клубтар оқырмандарға қызмет жасайды. Кітапхананың компьютерлендіруіне ерекше назар аударады.
Тұрар Мейірманқызы ұжымның, қаланың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, үлкен қамқорлық жұмыстарын жүргізеді. Ол Теректі, Малшыбай, Кеңгір селоларындағы кітапханаларды ашуда көп күш жұмсады. Бүгінгі күн талабына жұмыстың жаңа әдістерін, озық үлгілерін жүзеге асыруға ұмтылады. Кітапхана ісін дамытудағы зор еңбегі әрі, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін КСРО Мәдениет министрлігінің «Үздік еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Халыққа қызмет көрсетудегі табыстары үшін бірнеше рет қала, облыс басшыларының алғыстарына ие болды. 1994 жылы Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттығына сайланды. 2000 жылы - Мәдениетті қолдау жылы аясында Жезқазған қаласында мәдениетті, өнерді, тарихи жәдігерлерді, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға бағытталған игі шаралар көптеп өткізілді. Осы шараларға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2004 жылы қалалық мәдениет бөлімінің бағалы сыйлығымен марапатталды.
Тұрар Мейірманқызы Тайжанова 2005 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің және өнерді қолдау мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.
|
|
|
Раушан Шортанқызы 1951 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Степановка поселкесінде туған. Меңдіқара ауданында мектеп табалдырығын аяқтап, 1970 жылы педагогикалық колледжге түсті. 1972 жылы «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Мектеп, бала-бақшада еңбек етті. 1977 жылдан бастап еңбек жолын Меңдіқара ауданындағы Боровское санаторийіндегі кітапханада жалғастырды. 1981 жылы Жезқазған облыстық әмбебап кітапханасында жұмыс істеді. Одан кейін Сәтбаев қаласындағы орталық кітапханасында еңбек жолын жалғастырды.1994-2004 жылдар аралығында С.Сейфуллин атындағы гимназияда кітапхана меңгерушісі қызметтін атқарды. 2004 жылы Жезқазған қаласындағы М.Әуезов атындағы қалалық орталық кітапханаға библиограф болып орналасты. Бүгінгі күні №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ұзақ жылғы қажырлы,адал еңбегі үшін 2007 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Қарағанды облыстық әкімінің дипломымен марапатталды.
|
|
|
Балхия Асаубаева 1957 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Атбасар қаласында туған. 1976 жылы Жезқазған мәдени-ағарту училищесіне түсіп, оны 1978 жылы бітіріп, «Кітапханашы» мамандығын алды. Өзінің еңбек жолын 1978 жылы Жезқазған орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінде кітапханашы болып бастады. №7 кітапхана-филиалында кітапханашы және М.Әуезов атындағы кітапханада библиограф, аға әдіскер қызметтерін атқарды. Ұжымның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады, бірнеше жыл кітапхана кәсіподақ комитетінің төрайымы болды. Балхия Асаубаева білікті, белсенді, тәртіпті қызметкер ретінде танылып келеді, кәсіби шеберлік деңгейі жоғары, ой-өрісі кең, кітапхана ісін жақсы, кітапхана көрсеткіштерін талдап, әрі қорытынды жасай біледі. Бүгінгі күн талабына сәйкес жұмыстың жаңа әдістерін, озық үлгілерін жүзеге асыруға ұмтылады. Ұзақ жылдар өскелең ұрпаққа руханият шапағатын таратып, қажыр-қайратын аямаған еңбегі бағаланып, Мәдениетті қолдау жылында «Қаламыздағы мәдени шараларды дамытуға, ұлттық рухани мұраны жаңартуға қосқан үлесі және шығармашылық жетістіктері үшін» қала әкімінің сыйлығына ие болды. 2004 жылы Жезқазған қаласының 50 жылдығына орай, Қарағанды облысының өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңадан ашылған № 9 модельді кітапхана-филиалының жетекшісі болып қызмет атқарады.
|
![]() |
Әлкенова Бәтима Қарақойшықызы 1993 жылдан театрда еңбек етеді. Актриса ретінде қалыптасып, сахналық тәжірибе жинақтап, шығармашылық жағынан өсу үстіндегі Б.Әлкенованың сомдаған кейіпкерлерінің айтар ойы терең, бояуы қанық. Ол сомдаған Е.Домбайдың «Ғашықтық туралы балладасында» - Нүрия, С.Оспановтың «Мұңлық - Зарлығында» - мыстан, О.Бөкейдің «Атау кересінде» - Марфа, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдерінде» - Гүлсім, Эмма, Е.Төлеубайдың «Таланған тағдырында» - Майра, К.Жұмабековтың «Әйел махаббатында» - Бәтима, К.Ахметовтің «Құданың өзі, құдайдың «көзі» келгендесінде» - Кәпия, Ф.Буляковтың «Күйеуге шыққан кемпірлерінде» - Сәлима, М.Хасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-айында» - Ғазиза және т.б. спектакльдерде образдардың сан қырлы сипатын ашып көрсетуде ізденімпаздық танытты.
2010 жылы актрисаның үздік сомдаған рольдерінің бірі - С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» спектакліндегі орыс тілі пәнінің оқытушысы неміс Таурид Эмма Ивановнаның бейнесі.Аталған спектакль биылғы жылы Тараз қаласында өткен ХҮІІІ Республикалық театрлар фестивалінде қойылып, Бәтима Қарақойшықызының образ сомдау шеберлігі театр сынышылары тарапынан аталып өтілді. Үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын еңбекқор актриса театр мен қаланың мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласады. М.Хасеновтың «Пай – пай жас жұбайлар – ай!» комедиясында Ғазиза, В.Дельмардың «Өкінішті өмір» драмасындағы ролін шеберлікпен ойнаған үшін 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мәдениет басқармасының «Жыл актрисасы» номинациясына ие болды.
|
![]() |
Еңбек жолын 1988 жылы мұражайда экскурсовод қызметінен бастап, бөлім меңгеруші қызметіне дейін көтерілген.1994 жылдан бері мұражай жұмысының аса күрделі және жауапты бөлімі-қор бөлімінде қызмет атқаруда. Жәдігерлерді жинақтау, тіркеу, сақтау, қалпына келтіру және насихаттау жұмыстарын жоғарғы деңгейде меңгеріп, мұражай жұмысының дамуына көп үлес қосты. Мұражай жәдігерлерін насихаттау барысында 1997 жылы Астана қаласының тұсау кесер тойына және 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған көрмелер ұйымдастырып, жетекшілік етті.
Ибраева Разия Болатқызы – қала әкімінің «Құрмет Грамотасымен», қалалық мәдениет бөлімінің Грамотасымен, 2004 жылы Облыстық мәдениет департаментінің граматасымен, 2008 жылы Облыстық мәдениет департаментінің «Құрмет граматасымен» және 2011 жылы Облыстық мәдениет департаментінің «Үздік мұражай қызметкері» номинациясымен және ақшалай сыйлығымен марапатталған.
|
![]() |
Сексенбаев Рахмет Кәкімбекұлы - 1963 жылы 10 тамызда Қарағанды қаласы Жезқазған қаласында дүниеге келді.Ұлты қазақ,білімі жоғары. 1984 жылы музыкалық колледжіне түсіп, 1988 жылы музыкалық колледжін бітірді.1988 жылы «Металлург» мәдениет сарайында халық оркестірінің көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқарды. 1996 жылдан бастап Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінде бас маман болып жұмыс істеп содан 2000 жылы Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясына директор болып жұмыс бастады. Осы жұмысының нәтижесі ретінде,мынандай марапаттарға ие болды. 2002 жылы Қазақстан Республикасының қауымдастығының жанындағы «Диалог», әйелдерді және отбастарын қорғау орталығының алғыс хаты. 2004 жылы Жезқазған қаласының 50 жылдық мерейтойына орай қала әкімі Ж.Ибәділдиннің «Құрмет грамотасымен» және Жезқазған қалалық мәдениет бөлімінің «Мәдениет шамшырағы» Алтын белгісімен марапатталды. 2005 жылы Ұлы Отан соғысының 50 жылдығына орай іс шараға қатысып «День Победы» әнінің орындаушысы болды. 2006 жылы Қарағанды облысының 70 жылдығына орай іс шараларын ұйымдастырып өткізуіне ат салысқаны үшін облыс әкімі Н.Нигматуллиннің «Құрмет грамотасына» ие болды.
2007 жылдың Нілді-Жезқазғанның 80 жылдығына іс шараға белсен ат салысқаны үшін алғыс хатқа ие болды. 2010 жылы қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін қала әкімі Қ.Балмағамбетовтың «Құрмет грамотасына» ие болды. 2010 жылы Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының «Жыл әртісі» номинациясының иегері атанды. |
![]() |
Гүлмира Жақыпқызы Смағұлова Сәтбаев қаласындағы би училищесін «Үздік» бітіргеннен кейін, өз мамандығы бойынша қызмет істеп келеді. Алғашқы еңбегінің жемісін ол халықтық «Шашу» ансамблінде бастап, аталмыш топта 4 жыл жұмыс істеді. Өз еңбегін әрі қарай шыңдау мақсатында, ол өзі жеке қаламыздағы оқушылар ғимаратында «Мақпал» би ансамблін ұйымдастырды. Би тобында 80 қыз бала, 3 ұл бала өнер көрсетеді. Гүлмира Жақыпқызы мен Малутина Елена Александровнаның жетекшілік етуімен «Мақпал» би ансамблі 1998 жылы облыстық «Маленькая страна» сайысына, 1999 жылы аймақтық «Байқоңыр дауысы» сайысына – І орын, Х аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі (үлкен топ) – І орын, 2000 жылы ХІ аймақтық фестивалі (кіші топ) – І орын, «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашылығы сайысы – ІІІ орын, «Ялта - 2000» халықаралық фольклорлық сайысы – арнайы диплом, 2001 жылы – «Үлгілі би ансамблі» атағы берілді, Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған Ш. Жиенқұловаға арналған ІІ республикалық қазақ билері сайысы – грамота, «Шабыт» ІV халықаралық балалар шығармашылығы сайысы – «Эстрадалық жанр» дипломы, 2002 жылы – ХІІІ «Байқоңыр дауысы» - І орын, ХІІІ аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі – құрмет грамотасы, 2003 жылы – «Звездная радуга Сарыарқа» облыстық сайысы – Бас жүлде, «Бозторғай -2003» халықаралық сайысы – Бас жүлде, 2004 жылы – Болгария мемлекеті Варна қаласы «Созвездие моря – солнце, молодость, красота» халықаралық сайысы – І орын, 2005 жылы «Хрустальный башмачок» облыстық сайысы – дипломант, «Балбөбек» республикалық балалар шығармашылығы сайысы – Бас жүлде, «Бозторғай - 2005» халықаралық сайысы – Бас жүлде, 2006 жылы «Времен связующая нить» халықаралық халық шығармашылығы сайысы – ІІ орын, «Әнші балапан» республикалық сайысы – І орын, «Балбөбек-2006» республикалық балалар шығармашылығы сайысы – Бас жүлде, «Бозторғай-2006» республикалық сайысы – Бас жүлде, 2009 жылы – Қырғызстан мемлекеті халықаралық бишелір сайысы, 2010 жылы VІ республикалық «Ақ көгершін» сайысы, халықаралық «Юность» фестивалі – Бас жүлде. 2010 жылы Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының шешімімен Г. Смағұлова «Жыл хореографы» номинациясына ие болды. |
Жарияланған күні
16 наурыз 2020
Жаңарту күні
16 наурыз 2020
Түрі
Қызмет бағыты















