Құрылыс

2024

Тұрғын үй құрылысы  Облигациялар шығару арқылы Алашахан к-сі, 34З, 34М, Гагарин к-сі, 70/1, 70/3 мекен-жайы бойынша 4 кредиттік тұрғын үйдің (208 пәтер) құрылысына 2 млрд 907 млн теңге (бюджеттік несие сомасы -1,7 млрд.теңге, жергілікті бюджет - 1,1млрд.теңге) қарастырылды.

Алашахан көшесі, 34Ж жалдамалы үйдің құрылысы аяқталып, 4357 ш.м. 60 пәтер пайдалануға берілді.

Осы жылдың аяғына дейін 3 несиелік көпқабатты үйдің (108 пәтер)құрылысын аяқтау жоспарлануда:

- Алашахан көшесі, 34М мекенжайындағы несиелік тұрғын үй.  1,2 млрд теңге (РБ бюджеттік несие – 646,4 млн теңге, ҚБ – 484,8 млн теңге) қаражат қарастырылды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы;

-Гагарин көшесі, 70/3 көпқабатты 30 пәтерлі несиелік тұрғын үй. 187,1 млн.теңге бюджеттің несие және 390,5 млн.теңге. қосалқы қаржыландыру қарастырылды Жалпы ауданы – 2 690 ш.м., пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың желтоқсан айы.

- Гагарин көшесі, 70/1 көпқабатты 28 пәтерлі несиелік тұрғын үй. 159 138,6 мың теңге бюджеттің несие және 396,3 млн.теңге. қосалқы қаржыландыру қарастырылды. Жалпы ауданы – 2 618 ш.м., пайдалануға беру мерзімі – 2025 жылдың 2 тоқсаны;

Жалпы ауданы 24 мың ш.м. 3 несиелік тұрғын үйдің (270 пәтер) құрылысы алдағы жылдарға жалғасатын болады:

- Алашахан көшесі, 34 З көпқабатты 90 пәтерлі несиелік тұрғын үй. Жалпы ауданы – 8 223,4 ш.м., пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл. 2024 жылы 914 914,5 мың теңге бюджеттік несие және 495,4 млн.теңге қосалқы қаржыландыру қарастарылған болатын. 2025 жылы қалалық бюджеттен 377,5 млн.тенге бөлініп, жұмыстар жалғастырылатын болады.

- Жезқазған қаласы, Алашахана көшесі, 34 С мекенжайы бойынша көпқабатты 90 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Аяқталу мерзімі -2025 жыл. 2024 жылы 1,469 млрд.теңге бюджеттік несие есебінен жұмыстар жүргізілді. 2025 жылға қалалық бюджеттен 535,2 млн.теңге, облыстық бюджеттен 200 млн.теңге жоспарлануда.  

- Жезқазған қаласы, Алашахана көшесі, 34 Т мекенжайы бойынша көпқабатты 90 пәтерлі тұрғын үй. Аяқталу мерзімі -2026 жыл. Ағымдағы жылы 1,469 млрд.теңге бюджеттік несие беріліп, игерілуде. 2025 жылға облыстық бюджеттен 170,0 млн. теңге қарастырылуда.

 

Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен - Анарқұлов көшесі, 13А мекен-жайы бойынша 25 пәтерлі көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды («SAMGA» ЖШС), ауданы 3,5мың ш.м. берілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 4 коммерциялық тұрғын үйлердің құрылыс жүргізілуде:

- Абай көшесі, 95/1 мекен-жайы бойынша 96 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, ауданы 2,5 мың ш.м. («SAMGA» ЖШС);

-Абай көшесі, 63Г мекен-жайы бойынша 5 қабатты тұрғын үй, ауданы 2,5 мың ш.м.(«SAMGA» ЖШС);

- Алашахан даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша 9 қабатты тұрғын үй кешені, ауданы 10,0 мың ш.м.(«SAMGA» ЖШС);

- Шығыс – айналма жолдың 1/1,1/2 учаскелеріндегі қосалқы үй-жайлары және автотұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешені («Жетісу-Сарыарка» ЖШС). Болжамды ауданы 20 000 ш.м., пәтерлер саны - 200

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын-үймен қамтамасыз ету мақсатында 331,0 млн.теңгеге 12 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ, қызметтік пәтерлер сатып алуға 106,4 млн.теңге қарастырылып, 5 пәтер сатып алынды.

2022

Соңғы жылдары көп қабатты тұрғын үй құрылысы теңдестіріле бастады, бұл тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету мәселелерін жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

2021 жылы 3 көп қабатты тұрғын үй (Алашахан даңғылы 34И – 30 пәтер.), (жалға берілетін), Байқоңыров даңғылы 28а – 18 пәтер., Алашахан 34К - 60 пәтер. (кредиттік) пайдалануға берілді, 3 көп қабатты үйдің құрылысы жалғасуда (Алашахан даңғылы 34Е-90 пәтер. (жалға берілетін), Алашахан 34Н – 30 пәтер., Алашахан 34П – 30 пәтер. (кредиттік).

Қалада коммерциялық тұрғын үй құрылысы табысты іске асырылуда, 2021 жылы 2 тұрғын үй іске қосылды (Жеңіс көшесі 11 а - 30 кв, Анарқұлов көшесі 7а - 40 кв).

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлерге жалпы сомасы 630 млн. теңгеге кәріз және байланыс желілері пайдалануға берілді

5 көпқабатты тұрғын үйді абаттандыру басталды Батыс тұрғын ауданының Алашахан көшесі 34 И,34 Е,34 К,34 Ж, 34 З мекен-жайы бойынша (абаттандыру) жалпы сомасы 219 млн. теңге, жоба өтпелі, 2023 жылы аяқталады.

2020 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысына 504 (2-кезек) жер учаскесін беру бойынша жұмыстар басталды. Жұмыс жалғасуда.

Қазіргі таңда біздің өңірде құрылыс индустриясын дамытуға, қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салуға, жер учаскелерін бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыруға көп көңіл бөлінуде.

Жоғарыда атап өткеніміздей, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2018 жылға қарағанда екі есеге артты.

Есептік кезеңде барлығы 17 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,2%-ға артық.

Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Шевченко көшесі, 23А мекенжайында жалпы ауданы 1194,9 шаршы метрді құрайтын несиелік тұрғын үй (3 қабатты 18 пәтерлі) пайдалануға берілді. Нәтижесінде 18 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, тұрғын үй алу кезегі 0,7%-ға қысқарды.

2019 жылы жеке құрылыс салушылар есебінен Есен­берлин көшесі, 5/3 мекенжайында жалпы ауданы 2862,2 шаршы метр болатын тұрғын үй (5 қабатты 30 пәтерлі) пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, тағы екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Олар: Алашахан даңғылы, 22А мекенжайында жалпы ауданы 3691,5 шаршы метрді құрайтын бес қабатты 50 пәтерлі және Деев көшесі, 7А мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 3000 шаршы метрлі бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үйлер. 2020 жылдың бірінші жарты жлыдығында пайдалануға берілетін осы тұрғын үйлер мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы аясында берілетін болады.

2019 жылы Алашахан,34 Д мекенжайы бойынша жал­пы құны 399,9 млн теңгені құраған 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы басталды. Биыл 3,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын үй кезегі 2,7%-ға қысқарады деп күтілуде.

Бұдан бөлек «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй алу кезегін төмендету мақсатында 2020 жылы 4 көп қабатты (120 пәтерлік екі жалдамалы және 78 пәтерлі екі несиелік) тұрғын үйдің құрылысы басталмақшы. Және осы үйлердің үшеуі 2020 жылы, ал біреуі 2021 жылы пайдалануға беріліп, оларға инженерлік-коммуникациялық желілер тартылады.

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жал­пы сомасы 948 млн теңгеге Батыс ауданындағы жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлерге су, жылу, электрмен жабдықтау, кәріз және байланыс желілері тар­тылды (500 жер телімі үлестірілді).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 196 км болатын 1,2,3 кезектегі қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба 2022 жылы аяқталуымен ауыспалы болып табылады. Сондай-ақ, 2019 жылы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту (3 кезек) басталды. Сыйымдылығы 1700-ден 4600 текше метрді құрайтын бес таза су резервуары мен 4,6 км алаңішілік желілерін салу және екінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жоба 2021 жылы ақталуы тиіс.

Жезқазған қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында келесі жобаларды жүзеге асыру жүргізілуде:

– «Жезқаған қаласын сумен жабдықтау есебімен Есқұла су таратқышының құрылысы». Аталған жоба­ны «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС қаржысы есебінен аяқтау үшін жобалық-сметалық құжаттама түзетілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржы көлемі шамамен 2,7 млрд теңгені құрап отыр.

– «Қожамсейіт жерасты суларын игеру үшін Үйтас-Айдос су тартқышын қайта қалыпқа келтіру». «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС 2020 жылдың тамызында дайын болатын мемлекеттік сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуде.

2019 жылы бірінші кезекті қалаішілік су құбырлары желілерін және бірінші кезекті жылумен-сумен қамтама­сыз ету жүйесін қайта жөндеу жұмыстары басталады.

2019 жылы 317,3 млн теңгеге қалаішілік су құбыры желілерінің 1-кезегін қайта жаңарту жұмыстары баста­лып, 62,2 млн теңгеге кәріз желілерін тазарту қондырғы­ларын қайта жаңарту мен жаңғырту бойынша ЖСҚ әзір­леу аяқталды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Жезқазған қаласының 1 кезеңді жылу жүйелерін қайта қалпына келтіру және жаңарту» жобасы жүзеге асырылып, оған республикалық бюджеттен 2018 жылы 392,8 млн теңге, 2019 жылы 561,2 млн теңге, 2020 жылы 591,7 млн теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта тағыда 9,3 км жылу жүйесін ( № 3, 9, 11 жылу магистральдарын ) қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Осы жобаны іске асыру нәтижесінде тозығы жеткен құбырлардың көлемі 1%-ға (61%-дан 60%-ға дейін азайды). Мектептердегі үш ауысымдық оқуды жою мақсатында жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайтын 900 орынға шақталған мектеп қабырғасының құрылысы басталды. Аталмыш мектеп құрылысы биылғы жылы толық аяқталады.

Архитектура және қала құрылысы

Жезқазған қаласының басты құрылыс жоспары облыстық мәслихаттың 11.12.2015 жылғы № 459 шешімімен бекітілген болатын.

2014 жылы «Аймақ дамуы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қаланың батыс бөлігінде 200 га, 8000 адамға арналған көп қабатты үйлер құрылысын бастау жобасы дайындалған болатын. Бұл жоба Жезқазған қаласы әкімдігінің 26.01.2015 жылғы № 02/19 шешімімен мақұлданды.

2018 жылы Кеңгір елдімекенінің жай-күйін егжей-тег­жейлі тексеріп, арнайы дайындалған басты жоспарлау жо­басы Жезқазған қаласы мәслихатының 27.11.2018 жылғы № 28/262 шешімімен қарастырылып, бекітілді.

2018-2019 жылдары Талап және Малшыбай елдімекен­дерінің арнайы жоспарлау жобасы жүзеге асып, Жезқазған қаласы аумағындағы ауданы 500 гектарлық инженерлік жүйелері қайта қалпына келтірілді және топографиялық бейнелері даярланды. Жақын арада аяқталуға жақын жо­баның жалпы құны 20,2 млн теңгені құрайды.

Аталған жоба негізінде 2020 жылы Қорғанбай, Теректі елді-мекендері мен 60 шақырымдық қашықтықтағы топографиялық бейнелер дайындалып, қаланың батыс аймағынан 250-300 га көлемінде азқабатты үйлер құрылысын бастап, даму жоспарын бекіту жоспарлануда.

2022 - 2023 ж.ж.

Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым

Қаланың облыс орталығына айналуына байланысты Жезқазған қаласын кейіннен Сәтбаев қаласымен біріктірумен және Кеңгір селосына қарай қаланы дамытумен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен топографиялық түсірілімдері бар Жезқазған қаласының жаңа Бас жоспары әзірленуде. Бас жоспарды әзірлеуге 183,2 млн.теңге бөлінді, жабдықтаушы болып «Kazgiprograd» ЖШС анықталды.

Соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы теңгерімді бола бастады, бұл мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 2 көпқабатты тұрғын үй- Алашахан 34Е– 90 ш.м (жалға алу), Алашахан 34П–30 ш.м. (кредиттік) пайдалануға берілді.

2023 жылы 2 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады (жалпы ауданы 7,8 мың шаршы метр Алашахан даңғылы, 34П, 34Ж). Нәтижесінде 90 отбасыға пәтерлердің кілттері табыс етіледі, 2023 жылдың 01.01. тіркелген тұрғын үйге мұқтаждардың кезектілігі 3,3% - ға (2684-тен 2594-ке дейін) төмендетілетін болады.

       Қалалық бюджет қаражаты есебінен Алашахан көшесі, 34 З бойынша 90 пәтерлі кредиттік үйдің құрылысы басталады, жоба 2024 жылға ауыспалы.

Қалада коммерциялық тұрғын үй табысты іске асырылуда, 2022 жылы (Алашахан даңғылы, 17А– 12 ш.м.) тұрғын үй іске қосылды, ағымдағы жылы 3 көпқабатты үйдің құрылысы жоспарланған (жалпы ауданы 7006 шаршы метр Шевченко көшесі, 7 бойынша  – 32 пәтер., Шевченко, 9 -     пәтер, Шевченко 17 -    пәтер).

Бұдан басқа,Батыс тұрғын ауданының Алашахан көшесі 34И,34Е,34К, 34Ж,34З бойындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жалпы сомасы 219 млн.теңгеге абаттандыру басталды, жоба ауыспалы, 2023 жылы аяқталады.

2023 жылға арналған жоспарда Жеңіс 3А, 11А көшелеріндегі тұрғын үйлерге 147,8 млн. теңге сомасына кәріз, электр,су құбыры және жылу желілерінің құрылысын салу көзделген.

Көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге ИКИ құрылысына республикалық бюджет есебінен 283,6 млн. теңге бөлінді.

Анықтама:

Кеңгір селосының жеке тұрғын үйлеріне (100 учаске) ИКИ салу (сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау -153 млн. теңге), конкурстық рәсімдер жүргізілуде;

Жезқазған қаласы Батыс тұрғын ауданының Алашахан көшесі 34Е,34И,34К,34Ж, 34З көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлерге ЖСҚ әзірлеу (абаттандыру)жобаны жалғастыруға - 130,6 млн.теңге, мердігер"БалқашҚазмеханомонтаж" ЖШС, сот талқылауы жүріп жатыр.

 

Жыл басында жоспарланған 504 жер учаскесінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін 402 жер учаскесі берілді.

Бүгінгі таңда арнайы есепте 7133 азамат тұр.

Қаланың тұрғын үй қорында 657 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 26 апатты үй бұзылуға жатады. Өткен жылы 24 апатты үйдің (259 пәтер) тұрғындарын көшіру бойынша жұмыс жүргізілді, жалпы сомасы 945 млн.теңгеге 138 меншік иесіне өтемақы төленді, 5 жекешелендірілмеген пәтердің тұрғындарына коммуналдық қордан тұрғын үй берілді.

Тұрғын үй қорын қайта жаңарту бағдарламасы бойынша 2022 жылдан 2025 жылға дейін 138 апатты және тозығы жеткен үйлер қайта жаңартылуға жатады.

Жөндеу бағдарламасына сәйкес, Инвестор пәтерлер мен үй-жайлардың иелерін, оларға теңестірілген тұрғын үйлермен және үй-жайлармен қамтамасыз етуі тиіс.   

Қазіргі уақытта 2 инвестормен - "INTER-marketing M", "NS Construction" ЖШС-мен ескі және апатты тұрғын үйдің орнына көпқабатты тұрғын үйлер салу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Интермаркетинг М» ЖШС Шевченко көшесіндегі №7,9,13,17 бұзылған үйлердің орнына 3 үй (65 пәтер) салуда.

2023 жылы Гагарина 70/2  көшесіндегі апатты үйді жеке инвестиция есебінен бұзу жоспарлануда. Жеңіс көшесі, 11 мекенжайындағы апатты үйді бұзуға құжаттама дайындалуда, одан кейін Инвестор 45 пәтерлік жаңа тұрғын үйдің құрылысын бастайды.

 

Жарияланған күні

20 ақпан 2020

Жаңарту күні

06 наурыз 2023

Қызмет бағыты