Шағын және орта бизнес

2024

Ағымдағы жылы жас кәсіпкерлікті дамытуға қала бюджетінен 16,5 млн.тенге бөлініп, 12 жас «жас кәсіпкер» атанды.

***

Даму жобалары республикалық, жергілікті бюджеттер және жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады.

Осы уақытқа дейін негізгі капиталға инвестиция көлемі 54,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанды 25,7 % өсті.

2024 - 2026 жылдары іске асыруға жоспарланған инвестициялық жобалар портфелі қалыптастырылып, құрамында 800-ден астам жұмыс орнын қамтитын, инвестициялардың жалпы сомасы 69,5 млрд.теңге құрайтын 20 инвестициялық жоба бар.

Ағымдағы жылдың басынан бері жалпы инвестиция көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды:

        - «Хан ордасы» қонақ үй кешені, «Астана Премиум Строй» ЖШС, 586 млн. теңге инвестицияланды, 15 жұмыс орны құрылды;

        - «Асфальтбетон зауытының құрылысы», «САМҒА» ЖШС, 500 млн. теңге инвестицияланды, 15 жұмыс орны құрылды;

          - «Минералды қоспаны өндіру зауыты», «АРША» ТПК ЖШС, 180 млн. теңге инвестицияланды, 25 жұмыс орны құрылды;

        - «Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы», «Ахтямов» ШҚ, 1,9 млрд. теңге инвестицияланды, 30 жұмыс орны құрылды;

Жалпы саны 90-нан астам жаңа жұмыс оындары ашылды.

Жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 8,1 млрд. теңгені құрайтын «Kazakhmys Barlau» ЖШС-нің «Геологиялық кластер құрылысы», «Ахтямов» ШҚ-ның «Құс етін өндіру», «Ulytau Industrial Company» ЖШС-нің «Тоқыма бұйымдарын өндіру зауыты» (ЖҚҚ); «Самга» ЖШС-нің «Граниттен жасалған бұйымдарды өндіру зауытының құрылысы» және «Металл конструкцияларын шығаратын зауыт» сияқты инвестициялық жобаларды іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалар бойынша 200-ге дейін жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар, жыл басынан сауда және қызмет көрсету саласында жалпы инвестиция көлемі 1,6 млрд. теңгені құрайтын 10-нан астам нысан іске қосылды, 114 жұмыс орны құрылды (HYUNDAI , JAC автосалондары; «Науат» кафесі, «Пиала», «Hani» кондитерлік кафесі, дүкендер және басқалар).

 

Кәсіпкерлікті дамыту (2023)

Іске асыру сатысында жалпы инвестиция көлемі 114,9 млрд теңгені құрайтын, 600 жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жоба бар.

 Бұл жобалар:

- «Өрескел мыс концентраттарын гидрометаллургиялық қайта өңдеу тәжірибелік зауыты" "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ;

-"Өнеркәсіптік реагенттер шығаратын химиялық зауыт" "Қазхимсинтез" ЖШС;

- "Самади гипермаркеті " "Исина А. Б." ЖК;

- "Қонақ үй кешені" "Құрылыс" ЖК;

- "Биоэлектростанция" "Kazgreenergy " ЖШС;

- "Кірпіш зауыты " "Intermarketing-M" ЖШС;

- "Жылыжай" " Zhez Greengganic" ЖШҚ;

- "Жел электр станциясы"

 

Қаланың кәсіпкерлік ортасы мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға белсенді қатысады.

"2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге 185 жоба.

оның ішінде қолдау құралдары бөлінісінде:

- "банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" 2 млрд. 462,2 млн. теңге сомасына 92 жоба;

- "банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру" сомасы     1 074,6 млн. теңгеге 91 жоба.;

- "жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру" 7,5 млн. теңге сомасына 2 жоба.

Сауда және қызмет көрсету саласында 122 жұмыс орнын құра отырып, инвестиция көлемі 830 млн. теңге болатын 30 бірлік ашылды. Олардың ішінде "Bakery" кафе-мейрамханасы, "Yessen City" бизнес-орталығы, "Доброцен"супермаркеті сияқты ірі нысандарды атап өтуге болады.

 

Инфляциялық процестерді тежеу және азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында құзыреті шегінде тұрақты негізде бірқатар жедел және жоспарлы іс-шаралар жүргізілуде.

Бірінші сортты нан бағасын тұрақтандыру және ұстап тұру үшін "Ұлытау НАН" және ЖК Шайкимбаевтың шағын наубайханасы үшін 120 теңге/кг бағамен әлеуметтік ұн жеткізу ұйымдастырылды (жыл басынан бері 1380 тонна I сортты ұн жеткізілді).

Ағымдағы 2023 жылы бұл жұмыс жалғасын табады.

Өз кезегінде олармен "бірінші сортты нанның бағасын көтермеу және оның бір бөлкесін 95 теңгеден асырмау  туралы" меморандумдарға қол қойылды. Бүгінгі таңда қаланың 40-тан астам сауда нүктесінде бірінші сортты  бір бөлке нан 95 теңге бағамен сатылады.

Биылғы жылы облысымыздың тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі күні 36 тонна пияз жеткізілді, сату бағасы 170 теңге/кг; 8 тонна сәбіз, сату бағасы 137 теңге/кг; 20 тонна тазартылған күріш, сату бағасы 431 теңге/кг. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар тізімі «Самади», «Органик», «Самаз», «ҰлыДала» сауда желілерінде сатылады.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 3 мың адам жіберілді, оның ішінде: 847 субсидияланатын жұмыс орны:

Түлектер үшін жастар практикасы-жоспар бойынша 60 адам, 64 адам жіберілді (106%);

- қоғамдық жұмыстар– жоспар бойынша 510 адам, 662 адам жіберілді (129,8%);

- әлеуметтік жұмыс орындары-жоспар бойынша 85 адам, 86 адам жіберілді (101,2%);

- "Бірінші жұмыс орны" - жоспар 20 адам, 20 адам жіберілді (100%);

- Күміс жас-жоспар 64 адам, жолданды-15 адам (42,5%).

         Сонымен қатар, 83 грант берілді (40 - халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 40-жастар үшін). Гранттарға бөлінген сома 101 млн.666 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылы жаңа бизнес идеяларға гранттар беруге 30 адамға 41,4 млн.теңге (400 АЕК) көзделген.

 

Жарияланған күні

07 ақпан 2020

Жаңарту күні

06 наурыз 2023