Жакуда-Ишан мешіті
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер (Қорғасын) ауылы аумағында орналасқан Жәқуда-ишан мешіті 19 - ғасырдың екінші жартысында салынған деген болжам бар.Кеңес заманында мешіт ғимаратына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Оның қабырғалары мен мұнарасы бүгінгі күнге дейін жақсы жағдайда сақталған.Мешіт, Ақжал шоқыларынан оңтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым, Қорғасын ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан .