«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі(№8-4, 1 бірлік).
Сәтбаев қаласының әкімдігі
Қарағанды облысы
302255
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің бар болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады. Өңірлік және қалалық БАҚ-та ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты жұмыстар кешенін орындайды, қала аумағында таратылатын БАҚ мониторингін жүзеге асырады. Баспа басылымдарына жазылуды ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізеді, тапсырмалар әзірлейді, штабтардың отырыстарын өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу жөніндегі қызметті бақылайды. Қазақстан Республикасы заңнамасының, БАҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалу талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен этно-мәдени орталықтардың қызметін талдау және зерделеу жөніндегі жұмыстар кешенін орындайды. Қала әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру. Азаматтық секторды қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша кешенді жұмыстарды орындайды. Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру, жастар бірлестіктерінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды (салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың шығармашылық дамуы, жасөспірімдер мен жастар ортасында бейәлеуметтік көріністер туралы ескертулер) әзірлейді және орындалуын үйлестіреді. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша шараларды әзірлейді және жағдайын талдайды. Қала әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Білім беру, тәрбие және мәдениет салаларында "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жүзеге асырады. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын бақылайды. Бөлімде СМЖ басқару және құқықтық жалпы оқыту бойынша мектеп жұмысын ұйымдастыру. Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- , Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108
-
8(71063) 4-00-19