«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, №1-1).

Мемлекеттік орган

Сәтбаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

E-R-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

406714

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар** белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Математика және статистика

Функционалды міндеттер

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша басшылық, болжамдау, жоспарлау, сараптауды жүргізеді, тиісті қаржылық жылға бюджеттің жобасын, орта мерзімді фискалды саясаттың, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлейді, жергілікті бюджеттің тізбесін, қала экономикасының тұрақты даму стратегиясын қалыптастырады, қол астындағы қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады, бақылайды және қалыптастырады. Әлеуметтік- экономикалық даму мен мемлекеттің ақша-несие саясатының басымдықтарымен қарым-қатынас арқылы мемлекеттік фискалды, бюджеттік, инвестициялық саясатын жүзеге асыруға қатысады. Жоғары тұрған ұйымдарға, әкімдікке, маслихатқа белгіленген тәртіпте бюджеттің орындалуы туралы есеп ұсынады. Әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттің қаржылық мүддесін қорғайды. Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.08.2025 – 25.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МБайт

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108

Анықтама алу үшін байланыс

8(71063) 4-00-19, 3-45-51