«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы - шаруашылық бөлімінің басшысы (1 бірлік, №09-01).

Мемлекеттік орган

Сәтбаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

Е-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

350615

Жалпы біліктілік талаптары

Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Қаржы-шаруашылық қызметті есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің, қала әкімі аппаратының және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына басшылық етумен байланысты жұмыстар кешенін орындайды, қаржы-шаруашылық қызметтің есебін, негізгі қорлардың, материалдардың, ЖЖМ, ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды, шығыстар сметасын, баланстарды, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті орындауды жүргізеді. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларымен оларды қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Бөлімнің жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша жұмыстар кешенін және бақылауды жүзеге асырады. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау бойынша жұмыстарды орындайды. Мемлекеттік сатып алуды, тауарлар мен қызметтерді өткізу, бюджеттік өтінімдерді, оларға түсіндірме жазбаларды әзірлеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды. Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептердің теңгерімділігін қамтамасыз етеді. Бюджет қаражатын жоспарлауға және бөлуге қатысады, қала бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар енгізеді. Келіп түскен ақша қаражатының, тауардың, материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін бақылайды, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді. Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.06.2025 – 26.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30МБайт

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108

Анықтама алу үшін байланыс

8/71063/40019, 34551