«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы (1 бірлік, №04, уақытша, 2025 жылдың 26 қыркүйектегі дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы кезеңіне, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуына құқығы бар).
Сәтбаев қаласының әкімдігі
Ұлытау облысы
211669
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық
Функционалды міндеттер
Құпия корреспонденцияның өтуімен, құпия іс-жүргізуді тіркеумен байланысты жұмыс кешенін орындайды. ҚР мемлекеттік құпиясы туралы заңнаманың, қала әкімі аппаратында құпиялық режимін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтың орындалуын қамтамасыз етеді, құжаттардың орындалу мерзімін, бақылаудағы құжаттарды есепке алуды бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бойынша құқық қорғау органдарымен жұмыс істейді. Жұмыс жағдайына сараптама жүргізеді. Құпия құжаттардың сақталуына жеке жауапты. Мемлекеттік құпияға рұқсаттаманы рәсімдейді және қайта рәсімдеуді жүргізеді. Мемлекеттік құпияға рұқсаттама алатын қызметкерлердің лауазымы бойынша номенклатураның әзірленуін және дайындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияға рұқсат беру карточкаларын тіркеу журналын, рұқсат беру туралы тіркеу журналын жүргізеді. Орындаушыларға құжаттарды беру және оларды тіркеу бойынша жұмыс жүргізеді, құпия құжаттардың орындалуына, сонымен қатар жұмыс істеген уақытында құпиялық режимі және құпия құжаттарды қолданған кезінде талаптардың орындалуына бақылау жүргізеді. Берілген құжаттарды қайтаруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік құпияны құрайтын ақпараттарды тасымалдағыштардың тиісті сақталуын қамтамасыз етеді, тиісті түрде құпия құжаттарды жоюды ұйымдастырады. Құпия мәліметтері бар құжаттарды жеткізуді ұйымдастырады.С блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
satpaevakimаt@krg.gov.kz
- 27.06.2024
- Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108
-
8(71063) 4-00-19