«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, № 7-2).

Мемлекеттік орган

Сәтбаев қаласының әкімдігі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

E-R-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

323914

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс

Қосымша талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді, қарамағындағылардың жұмысын ынталандырады. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, жолаушылар көлігі қозғалысының сызбалары мен кестелерін әзірлеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды. Қалалық жолдардың жай-күйіне бақылау жүргізеді және оларды жөндеу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, оның ішінде есептеулерге сәйкес жұмыстардың орындалуын бақылайды. Облыстық және республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы трансферттердің игерілуін бақылайды. Бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың түсіндірме және паспорттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын техникалық тексеруге, объектілерді кейіннен кәдеге жарату, консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылайды. Бюджет қаражатын, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды кредиттеу есебінен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін дамытуға: мемлекеттік коммуналдық (жалға берілетін) тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға бағытталған нысаналы трансферттердің игерілуіне мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады. Қала құраушы және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қала мен кенттердің аумағын санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша жұмыстарға бақылау жүргізеді. А блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.05.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.05.2024 – 23.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

24.05.2024

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108

Анықтама алу үшін байланыс

8(71063) 4-00-19