СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ м.а. ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ
Қала әкімінің м.а. Алмат Саухимов тұрғындармен кездесіп, 2024 жылдың даму жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді.
Биыл 3,25 шақырым болатын 6 көшенің жолдары орташа жөндеуден өтеді. Ал, ағымдағы жол жөндеу жұмыстары 30 380 ш.м. қамтитын болады.
Тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайтын біршама жобалар бойынша да ақпарат берілді. Оған сәйкес биыл 5 футбол, 7 волейбол мен баскетбол және 15 балалар ойын алаңдары мен 8 элементтен тұратын 25 жаттығу кешені орнатылмақ.
Кездесуге қатысушылар жеке сұрақтарымен қала әкімінің м.а. жеке қабылдауына қатысып, өз
сауалдарына жауап алды.