Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары

Округтік сайлау комиссияларына арналған оқыту іс-шаралары

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу бойынша сайлау органдарының міндеттерін айқындау, осы сайлау науқанының негізгі аспектілерін қарастыру, сайлау заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру мәселелері округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларымен өткізілген семинар-кеңестерде қаралды.                         Аумақтық сайлау комиссиясы депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңінде құжаттармен жұмыс істеу алгоритмін де егжей-тегжейлі түсіндірді.                                                                                   Облыстық және округтік сайлау комиссияларының өкілдері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп онлайн форматта ұйымдастырған «Мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы оқыту курсынан өтті.

 

 

Сәтбаев қаласының аумақтық                                                                                        сайлау комиссиясы

Жарияланған күні

19 қазан 2026

Жаңарту күні

19 қазан 2026