Улытау

Меню

Страницы

Статья

Ұлытау ауданында кезекте тұрғандар үшін төрт көппәтерлі үй салынады

Биылғы жылдың екінші жартыжылдығында Ұлытау ауылында 48 пәтерлік екі қабатты төрт үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тұрғын үй кезекте тұрғандар қатарындағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бөлінетін болады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлытауда көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алуға және бөлуге арналған үш қабатты 24 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылар екі қабатты сегіз және он алты пәтерлі төрт тұрғын үй салу бойынша жобаны іске асыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев мәлім етті.

– Тұрғын үйлердегі осы 48 пәтерді мұқтаждарға сатып алу және бөлу жоспарлануда. Өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 13 162 шаршы метрді құрады, – деп атап өтті Советбек Медебаев.

Сондай-ақ, спикер ұзындығы 420 шақырымнан асатын Қызылорда мен Жезқазған арасындағы автожолды қайта жөндеу қажеттігіне тоқталды.

– Жолды жөндеу Ұлытау – Жезқазған өңірі үшін, атап айтқанда біздің аудан үшін үлкен маңызға ие, – деп атап өтті Советбек Медебаев. – Автожолды қайта жаңартуды қаржыландыру үшін Азия Даму Банкі мен Еуропа Қайта Құру және даму банкінің қарыз қаражаты тартылды. Үкімет келісіміне сәйкес биыл күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Жөнделген жол туризмді дамытуға септігін тигізеді.

 

Ақпарат Қарағанды облысы әкімдігі сайтынан алдынды. Сілтеме:https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda 

Дата публикации
23 февраля 2022
Дата обновления
23 февраля 2022
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

Информация
25 июня 2026
По решению системных вопросов населения по получению государственной услуги
26 февраля 2026
Референдум
Информация
03 апреля 2025
Прием граждан в региональном центре приема граждан руководством местного исполнительного органа и районного отдела на II квартал 2026 года Расписание

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы