Ұлытау облысының Ұлытау ауданының әкіміне кандидат М. Ермағамбетұлының тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы Хабарлама

26  қыркүйекте  М. Ермағамбетұлы  пилоттық жоба шеңберінде өтетін аудан әкімінің сайлауына кандидат ретінде қатысу үшін, Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясына құжаттар тапсырды.

2023 жылғы 5 қазанда Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау ауданы әкіміне М. Ермағамбетұлын  кандидат ретінде тіркеді.

Кандидат пен оның жұбайы декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын заң нормаларына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары тексереді. 2023 жылғы 11 қазанда Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау ауданының мемлекеттік кірістер басқармасынан кандидаттың активтері мен міндеттемелері туралы анықталған дұрыс емес мәліметтерге қатысты хат алды.  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 113-5-бабының 11тармағына сәйкес,  аталған мән-жай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес кандидатты тіркеудің күшін жоюға әкеліп соғады.

Осының негізінде 2023 жылғы 12 қазанда Ұлытау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау ауданының әкіміне кандидат М. Ермағамбетұлын тіркеу туралы  шешімнің күшін жойды.

М. Ермағамбетұлы Ұлытау облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз берді. Соттың шешімімен 17.10.2023 жылы М.Ермағамбетұлының талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот талқылауының қорытындылары бойынша соттың қорытындылары Ұлытау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қабылданған шешімінің заңдылығын растайды.

 

Жарияланған күні

20 қазан 2023 19:55

Жаңарту күні

20 қазан 2023

Түрі