Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы


Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі

Заңнама және құқықтық
ақпарат институты
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 наурызда № 32065 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет

      істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

 

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 86/НҚ бұйрығына
қосымша

 

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 39/НҚ бұйрығымен
бекітілген бұйрыққа
қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Кіші түрлері

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актініәзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

1

2

3

4

5

6

001. Құжаттандыру

00101. Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебе алу

1.

00101001

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Құжаттарды бірінші рет ресімдеу:
- 16 жасқа толмаған балаларға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
- 16 жасқа толған адамдарға;
- болған жеке куәлік немесе паспорт;
- 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты немесе оны жоғалту негізінде;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған кезде.

ІІМ

"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелді.