Итоговый отчет акима Улытауского района Советбека Турсуновича Медебаева о проделанной работе в 2021 году в рамках социально-экономического развития района

Ұлытау ауданының әкімі Советбек Тұрсынұлы Медебаевтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі

 

Қайырлы күн!

Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!

 

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Президент өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік деп атап өтті және бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру керегін атады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алдағы уақытта жергілікті жерлерде кент, ауылдық округ әкімдері және аудан әкімі, яғни мен сіздермен тоқсан сайын кездесетін боламын.

Кадірлі ағайын!

Өздеріңізге белгілі, Ұлытау ауданы еліміздің ең ірі әкімшілік-аумақтық ауданы, Қарағанды облысының 3/1 аумағында орналасқан (аумағы 122,9 мың кв.км), еліміздің 5 облысымен шектескен, қойнауы табиғи қазба байлықтарға толы, негізгі кәсібі өндірістік өнеркәсіппен қатар, ауыл шаруашылығы да мол әлеуетке ие аудандардың бірі болып табылады.

Аудан әкімдігінің 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі аудандық «Ұлытау» газетінің 2022 жылғы 26 ақпандағы арнайы номерінде жарияланғандықтан, есепті қысқаша баяндауға рұқсат сұраймын. Бүгінгі кездесуге Аудандық сот төрағасы, аудан прокуроры, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мекеме, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысып отыр. Кент, селолық округ әкімдері әлеуметтік желі арқылы қатысуда.

Мемлекет тәуелсіздігінің 30-жылдығында, 2021 жылдың қорытындылары бойынша Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық саласының барлық бағыттарында оң өсім динамикасы байқалуда және ол аудан экономикасының серпінді дамып келе жатқандығын көрсетеді.

Экономиканың нақты секторы

  • Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі – 3 млрд. 505,2 млн.теңге (114%);
  • Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 28 млрд. 891,0 млн.теңге (105,7%);
  • Негізгі капиталға инвестициялар – 5 млрд. 848,4 млн.теңге (114,1%);
  • ШОК жұмыс істейтін субъектілерінің саны – 1 773 бірлікті (103%) құрайды;
  • Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі – 13 162 шаршы м. (306,8%) болды;
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі – 1 млрд. 096,2 млн.теңге (28,2%).

Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы бағытына ие, ІӨӨ (Ішкі өңірлік өнім) жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы 73% құрайды. Бұл ретте, 2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 28 млрд. 895,8 млн. теңгені құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 106,5% өсім бар (2020 жылы - 21 366,0 млн.теңге) (АКИ (Айғақтық Көлем Индексі) -106,5%).

2021 жылдың қорытындысы бойынша Ішкі өңірлік өнім 2020 жылмен салыстырғанда 20% өсумен, 39 млрд. 681,6 млн. теңгені құрады (2020 жылы - 33 млрд. 096,9 млн. теңге құраған). Жалпы ІӨӨ көлемінде өнеркәсіп үлесі - 9%, ауыл шаруашылығы - 73%, Құрылыс - 3%, сауда - 1% құрайды.

 

Өнеркәсіп саласы

Аудан бойынша 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда орта және шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 3 млрд. 505,2 млн. теңгені құрады. Ол 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 3 млрд. 001,3 млн. теңге болған, АКИ – 114%.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауыл шаруашылығы саласында 2021 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында едәуір көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Аудан бойынша 1 338 шаруа қожалықтары жұмыс істейді, оның ішінде 38 өсімдік шаруашылығымен, 1 300 мал шаруашылығымен айналысады. Ауданда 7 ауыл шаруашылығы кооперативтері, 8 ірі қара малының асыл тұқымды шаруашылықтары, 1 асыл тұқымды қой шарушылығы, 1 асыл тұқымды жылқы шаруашылығы тіркелген.

2021 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі: тірі салмақта мал мен құс еті 4%-ға, сүт 6,2%-ға, жұмыртқа 12,7%-ға ұлғайды.

Ауылшаруашылық құрылымдары 13 531,5 тонна ет, 104% (2020 ж. - 13 009,0 тн.), 36 712,8 тонна сүт, 106,2% (2020 ж. - 34 583,2 тн.), 1 133,1 мың дана жұмыртқа, 112,7% (2020 ж. - 1 005,0 мың дана) өндірген.

Малдың шартты басы 248 700 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7% артты (2020 ж. - 232 269 бас). Ірі қара малдың басы 104%-ға, жылқы басы 11,9%-ға, қой мен ешкі басы 6,1%-ға, құс басы 13,2%-ға ұлғайды. Ірі қара мал басы – 56 547, қой мен ешкі – 133 721, жылқы – 45 031, құс – 13 401 басты құрады.

2021 жылы егін жинау барысы туралы ақпарат:

2021 жылы  егістік алқаптың жалпы көлемі 26,0 мың га (2020 жылы - 26,0 мың га) құрады (100%). Картоп 43 га (2020 жылы - 43 га), (100%). Бау-бақша 12 га (2020 жылы - 12 га.) (100%) құрады. 2021 жылы жалпы аудан бойынша 20 800 тонна өнім алынды. Әр гектардан түсімі – 8 ц/га (2020 жылы - 7 ц/га) құрады.

Өткен жылы аудан бойынша 205 мың тонна мал азығын жинау жоспарланса, бүгінгі күнде кент, ауылдық округ бойынша 205 мың тонна (100% ) мал азығы тасылып алынды.

2021 жылы  жалпы аудан бойынша 551 шаруа қожалығы 560,9 млн.теңге мемлекеттік субсидияларын алды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 439 шаруа қожалығы 314 млн. 552,0 мың.теңге субсидиялар алды. Сондай-ақ, 33 шаруа қожалығы 53 млн. 578,0 мың теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды сатып алу арқылы алған. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал шаруашылығы шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)  бағдарламасы бойынша 79 шаруа қожалығы 192 млн. 830,0 мың. теңгеге мемлекеттік қолдау шараларын алды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту

Шағын бизнес саласында 2021 жылы 1 836 ШОБ тіркеліп, оның 1 792 субъектісі жұмыс жасауда. (2020 ж. - 1721 ШОБ субъектісі болған).

2021 жылы аудан әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 23 жобаға  20 млн. теңгенің гранты үлестіріліп берілді.

  2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек тауар айналымы 335 млн. теңге құрады (АКИ – 95,8 %). 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда бұл көрсеткіш 320,2 млн теңгені құраған болатын.

Қаржы көрсеткіштері

2021 жылғы аудандық бюджеттің меншікті кірістер бөлігінің жоспары 6 млрд. 581 млн. 715  мың теңге, орындалысы 6 млрд. 454 млн. 432,5 мың теңгені немесе 98,1 % құрады.

Аудан бюджетінің шығыстар бөлігінің жоспары 9 млрд. 995 млн. 388 мың теңге болса, орындалысы 9 млрд. 820 млн. 483,4 мың теңге немесе 98,3% құрады.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде 58 041,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді:

- Борсенгір ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (0,754 км) – 22 млн. 945,1 мың теңге, Жыланды ауылында кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу (1,5 км) – 35 млн. 095,9 мың теңге бөлініп, игерілді.

 

2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарсақбай кентінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге Республикалық трансфертпен  76 млн. 804 мың теңге қаржы бөлінді. Кентке кіре берістен вокзалға дейінгі жолдарды жөндеуге жетіспейтін қаржыға, яғни 294 млн. теңгеге және  қосымша Қарсақбай кентінің мәдениет үйін жөндеуге - 111 млн. теңге, Жыланды, Бозтұмсық елді мекендеріне Фельшерлік акушерлік пункттер салуға 216 млн. теңге, жалпы алғанда 621 млн. теңгеге Ұлттық қордан қаржы бөлуге өтінім берілді.

 

Құрылыс саласы

2021 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 1 млрд. 096,2 млн. теңгені немесе 2020 жылдың деңгейіне 30,5% құрады (2020 жылы – 3 млрд. 499,9 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстары көлемінің 2020 жылмен салыстырғанда төмендеуінің негізгі себебі – 2019-2020 жылдары аудан аумағы арқылы өтетін «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры н және инженерлік инфрақұрылымын салу кезінде жүргізілген ауқымды құрылыс жұмыстарының болуымен түсіндіріледі.

2021 жылы аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардың, атап айтсақ «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің Сапар орталығы, «Қарсақбай кентінде 100 көрермендерге арналған Дене шынықтыру және спорт комплексі», «Өлкетану мұражайының» құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.  

          Құрылысы биыл жалғасатын нысандарды, яғни «Жезді кентінде 160 көрермендерге арналған Дене шынықтыру және спорт комплексі», «Ұлытау ауылында  кәріз тазалағыш ғимараты» құрылыстарын 2022 жылы қабылдау, сонымен қатар  «Ұлытау ауылында 56-пәтерлі тұрғын үйді  сатып алу» ағымдағы жылға   жоспарлануда.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру

2021 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 13 162 ш.м., немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 306,8% өсім құрады (2020 жылы – 4 290 ш. м.).

 

Тұрғын үй-коммуналдық сала

2021-2022 жылғы күзгі-қысқы жылу беру маусымын өткізу

Ұлытау ауданы бойынша 2021-2022 жылғы күзгі-қысқы жылу беру маусымы ауданда орналасқан 55 әлеуметтік-мәдени нысандарда бір қалыпты деңгейде өтуде, нысандар қажетті көмір қорымен, жанар-жағар маймен және қосалқы генераторлармен қамтылған.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

2021 жылы елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 36 млн. 045,6 мың теңге қаржы қаралды, оның ішінде: елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 14 млн.  696,0 мың теңге бөлінді. Жезді кентіне 21 млн. 350,0 мың теңге қаржы қаралды. Оның ішінде: дюкер ауыстыру жұмыстарына 11 млн. 268,7 мың теңге, Жезді кентінің су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 млн. 952,2 мың теңге, Есқұла-Жезді су жүйесінің құбырын ауыстыруға 7128,7 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар аяқталды.  

Ақтас кентінде аудан бюджетінен 10 млн. 949,0 мың теңге бөлініп, 8 ,0 млн. теңгеге жаңа ауыз су мұнарасы орнатылды.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2022 жылы «Ұлытау селосының ауыз су жүйесін қайта қалпына келтіру» жобасы бойынша жөндеу жүргізу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттар бойынша жобаның жалпы құны – 429 млн. 532,6 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2023 жылдарға жоспарланған. 2022 жылға РБ бөлінген қаражаттар – 334 млн. 763,0 мың теңге. Қосымша қажеттілік - 94 млн. 769,7 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылы қаражаттарды нысанға толықтай бөлу мәселесі қарастырылуда.  

Электр энергиясымен қамтамасыз ету

Ұлытау ауданы аумағында ауыз су және электр энергиясы тұрғындарға тұрақты деңгейде берілуде. 2021 жылы Ұлытау ауданындағы электр желілеріне және құрылымдарына төмендегідей жұмыстар атқарылды:

- Жезді кенті Көкбұлақ көшесінің электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 14,0 млн. теңгеге конкурс жарияланып, қорытындысы бойынша 10 млн. 200,0 мың теңгеге электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілді;

- Ұлытау селосының Айыртау елді мекенін электр желілерімен бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмысына  4 млн. 725,0 теңге қаралып, жұмыстар аяқталды;

- Ұлытау селосында орналасқан трансформаторларды жөндеуге 2 млн. 600,0 мың теңгеге және Тайжан, Тәуелсіздік көшелерінің электр желілеріне 1 млн. 597,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;

- 2021 жылғы 19 қарашада «Казэнергоцентр» ЖШС алдындағы 346 млн.900 мың теңге берешек мөлшері толық жабылды;

Бүгінгі күні Ұлытау ауданының электр желілерін және оның құрылымдарын «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ бірлесе, «ЖРЭК» АҚ-на өткізу-қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Автокөлік жолдары

Ұлытау ауданының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы                  1 350,5 км. құрайды, оның ішінде республикалық маңыздағы – 598 км., облыстық маңыздағы – 447 км., аудандық маңыздағы – 213 км., және 92,5 км. кентішілік жолдар бар.

2021 жылы облыстық және аудандық маңыздағы автокөлік жолдарын күтіп үстауға, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 195 млн. 354,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен аудандық маңыздағы «Қоргасын с. кіреберіс»  автокөлік жолына 73 млн. 920,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, Ұлытау ауылының ішкі көше жолдарын күтіп ұстауға 33 млн. 470,0 мың теңге, аудандық дәрежедегі автокөлік жолдарын күтіп ұстауға 25 млн. 400,0 мың теңге бөлінді.    

 

Әлеуметтік сала

2021 жылдың қорытындысымен  аудан  бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 16 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы осы мерзімге тіркелген жылмен салыстырғанда 92 адамға азайып отыр. 2021 жылы жұмыспен қамтылған адамдардың саны 411 адам болды. Өткен жылы осы мерзімде 521 адам жұмыспен қамтылған. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында қоғамдық жұмысқа 243 адам жіберілген. 2020 жылдың сәйкес мерзімінде 196 адам жіберілген болатын. 2021 жылы отбасына кірісі аз, күнкөрістің ең төменгі деңгейі өмір сүріп жатқан 182 адам тіркелді. Бұл көрсеткіш 2020  жылғы осы мерзімімен салыстырғанда 75 адамға азайып отыр. 

Денсаулық сақтау саласы

 

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1000 адамға шаққанда туу коэффиценті 19,79 болса,  2020 жылы 17,44  құраған болатын (107,7%); өлім коэффиценті 9,11 құраса, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 %-ға көбейген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 8,88 болған; 2021 жылы сәби өлімі тіркелген жоқ.

Білім саласы

 

Аудан көлемінде  жалпы 37 білім және тәрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта,  2 негізгі мектеп, 6 балабақша, 13 шағын орталық, 2 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (Балалар өнер мектебі, Оқушылар үйі) бар.

 

Орта білім беру саласында:

1-6 жас аралығындағы балалар саны 1336, ол 2020 жылмен салыстырғанда 185 балаға артық, оң өсім байқалуда. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі қамтылуға тиісі 694 бала, қамтылып отырғаны 514 орындалысы 74,0%. 2020 жылмен салыстырғанда 6,9%  кему көрсетілуде.

Қылмыс ахуалы

Ұлытау АІІБ-де 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 50 қылмыстық іс қозғалса, 2020 жылғы сәйкес кезеңде 73 қылмыстық іс қозғалған, яғни қылмыс жасау деңгейі  31,5%-ға төмендеген.

Ауыр қылмыстар саны  2021 жылы 7 ( 2020 ж. –18) былтырғы жылмен салыстырғанда - 61,1%-ға төмендеген. Ашылу деңгейі – 2021 жылы 40%-ды құрады (2020 ж. - 61,1 %).

 

Ардақты ағайын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыстарды саралап, алдағы істелер жұмыстарды талдадық.

Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы жолында жоспарға қойылған бірқатар іс-шаралардың алдағы уақытта өзіндік шешімін табуы жолында тынымсыз қызмет атқаруға тиіспіз.

Сондықтан, келешекте ұйымдасқан еңбек үлгісін көрсетіп, қол жеткізген табыстарымызды сақтай отырып, еңселі еңбек етуге жұмыла еңбек етуіміз қажет деп санаймын.

Жергілікті атқарушы және өкілетті мемлекеттік органдар ғана  емес, Ұлытау ауданының барлық тұрғындары да Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді табыспен шешуге барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды деп сенемін.

Осы мақсаттағы тынымсыз еңбектеріміз әрдайым жемісті болсын, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.

Назарларыңызға рақмет!

 

2022 жылға арналған нысаналы индикаторларды орындау жоспары

Нысаналы индикатор: Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 28 млрд. 719,0 млн.тг, НКИ 106,5%;

2022 жылы егін шаруашылығы бойынша Агротехнологияны тиімді пайдаланып және арзандатылған жанар жағармайды, басқада мемлекеттік қолдауларды пайдаланып мол өнім алуға және мал басы санын көбейту арқылы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін алып, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы жоспардағыдай орындалады деп күтілуде.

Нысаналы индикатор: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі –                     4 млрд.190 млн.теңге, АКИ 104,7%;

2022 жылы осы көрсеткішке қол жеткізу үшін 2022 жылы атқарылатын іс шаралар:

  1. Сарысу селосында орналасқан «Форпост» ЖШС өндіретін құрамында алтыны бар кеннің көлемін 1 млрд. 584,4 млн теңгеден 2 млрд. 200 млн. теңгеге дейін немесе 38,8 %-ға ұлғайту. Өсу қарқыны 615,5 млн теңге.
  2. Байқоңыр селосында орналасқан «Қияқты» ЖШС өндіретін көмір көлемін 125,9 млн теңгеден 130,0 млн теңгеге дейін немесе 3,2 %-ға ұлғайту. Өсу қарқыны 4,1 млн теңге.
  3. «Самға» ЖШС өндіретін қиыршық тас көлемін 667,4 млн. теңгеден 700,0 мл.н теңгеге дейін немесе 4,8 %-ға ұлғайту. Өсу қарқыны 32,6 млн. теңге.
  4. Тау кен саласында көрсетілетін қызметтердің көлемін 553,0 млн. теңгеден 560,0 млн. теңгеге дейін немесе 1,2 %-ға ұлғайту.
  5. Ақтас кентінде 2022 жылы кварц өндіру жоспарланып, «Хан Барыс» ЖШС-нің 15 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.
  6. Қарсақпай кентінде «СП «Варда Минералс» ЖШС-і құны 450,0 млн теңге болатын зауытының құрылысы 2022 жылғы екінші жарты жылдықта аяқтаудың арқасында инновациялық өнім көлемі артады деп жоспарлануда. Инновациялық өнімнің құны 50,0 млн тенге көлемін құрайды.

Нысаналы индикатор: Негізгі капиталға салынатын инвестициялар – 3 млрд. 760 млн.теңге, НКИ 105,4%;

2022 жылы негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін                    5 млрд. 350,2 млнн теңгеден 3 млрд. 760 млнн теңгеге төмендеу көрсеткіші болжануда. Төмендеу көлемі 1 млрд. 590,2 млн теңге немесе АКИ - 70,2%.

Көрсеткішке қол жеткізудің іс-шаралары:

  1. Жезді кентінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ФОК) құрылысын аяқтау – 410 млн теңге;
  2. Ұлытау селосы Тайжан көшесінде 8-пәтерлі 2 тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау – 300 млн теңге;
  3. Ұлытау селосына кәріз жүйесін орнату жұмыстарын аяқтау – 680 млн теңге;
  4. Қаракеңгір, Мибұлақ, Сарысу, Қарақұм, Байқоңыр, Терісаққан селоларында Фельдшерлік акушерлік пункттердің (ФАП) құрылысы – 250,0 млн теңге.

 

Нысаналы индикатор: Тұрғын үйлерді пайдалануға беру –  5 981 ш.м;

2022 жылы Ұлытау ауылында жеке кәсіпкерлер есебінен екі петерлі 10 тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2020-2021 жылдары жеке тұрғындар есебінен салынатын тұрғын үйлердің құрылыстары аяқталуына сәйкес, 2022 жылғы жоспарды орындау мүмкіндігі бар.

Нысаналы индикатор: Құрылыс жұмыстарының  көлемі – 3 млрд. 300,0 млн теңге.

2022 жылы құрылысы 2020-2021 жылдары басталған нысандардың құрылыс жұмыстарының аяқталуына сәйкес, оларды пайдалануға қабылдау жоспарлануда және аудан аумағындағы ірі және орта жеке кәсіпорындар салатын құрылыс жұмыстарының есебінен жоспарды орындау  күтілуде.

Қаржы көрсеткіштері

2022 жылға арналған бюджет

2022 жылға нақтыланған бюджеттің кірістер жоспары – 7 132 413,0 мың теңге;

Меншікті кірістері – 6 296 788,0 мың теңге;

Субвенция – 87 381,0 мың теңге;

Трансферттер – 748 244,0 мың теңге;

Бюджеттік кредиттер – 147 024,0 мың теңге.

2022 жылға нақтыланған бюджеттің шығыстар жоспары – 7 151 940,0 мың теңге.

2022 жылы жоғары тұрған бюджет тапшылығын өтеуге аудан бюджетінің меншікті түсімдерінің 59,1%, яғни 3 млрд. 717 млн. 536 мың теңге бағытталды. Атап айтқанда:

Білім беру саласы шығындарын өтеу 52,3% немесе 3 млрд. 292 млн 576 мың теңге,

Спорт саласына (БЖСМ) шығындарын өтеу 0,5% немесе 32 млн. 200 мың теңге,

Ветеринария саласына 2,1% немесе 131 млн. 925 мың теңге,

Республикалық бюджет тапшылығын өтеу 4,1 % немесе 260 млн. 835 мың теңге.

Аудан иелігінде қалатын қаражат көлемі (субвенцияны қоса алғанда)        1 млрд. 106 млн. 269 мың теңге. Аталған қаржылар төмендегідей шығындарға бағытталуда:

Ағымдағы шығындар:

  • ЖАО резерві – 123 млн. 117 мың теңге.
  • міндетті әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік бағдарламалар – 93 млн. 426 мың теңге.
  • бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар төлеміне (ДКЗ, дипломмен ауылға) – 83 млн. 844 мың теңге.
  • мәдениет нысандарын күтіп ұстау қызметтері – 12,0 млн. теңге.
  • мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру – 15,0 млн теңге.
  • коммуналдық және байланыс шығындары – 47 млн 927 мың теңге.
  • төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және өртке қарсы шараларды ұйымдастыруға (еңбекақыны қоспағанда) – 41 млн 600 мың теңге.
  • мемлекеттік органдарды күтіп ұстау бойынша әкімшілік шығындар – 84 млн 890 мың теңге.
  • өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу (ақпараттық жүйелер мен бағдарламалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банк қызметі) – 79 млн 969 мың теңге.
  • ақпараттық тапсырыс (телевидение, газет) – 24 млн теңге.
  • 11 елді мекеннің жерлерін аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру – 27 млн 936 мың теңге.
  • дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы берілетін көтерме жәрдемақы – 21 млн 441 мың теңге.
  • аудан әкімінің гранты – 10 млн теңге.
  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі іс-шаралар (сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ұйымдастыру, радикалды идеологиядан зардап шеккен адамдарды оңалту және бейімдеуді ұйымдастыру, жасыл ел) – 9 млн 671 мың теңге.
  • автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау – 83 млн 050 мың теңге.
  • Ақтас кентінің кіреберіс жолын күрделі жөндеу – 90 млн теңге.
  • елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету – 77 млн 283 мың теңге.
  • көшелерді жарықтандыру – 17 млн 707 мың теңге.
  • елді мекендерді абаттандыру – 68 млн 321 мың теңге.
  • санитарлық тазалау – 42 млн 996 мың теңге.
  • өзге де шығындар – 11 млн 972 мың теңге.

Даму шығындары

  • Ұлытау с. кәріз тазалау ғимаратының құрылысын аяқтауға – 24 млн 701 мың теңге;
  • Ұлытау с. бассейн құрылысы жобасына ЖСҚ сараптамадан өткізуге – 900 мың теңге;
  • Иманжанов көшесіндегі каскад құрылысы ЖСҚ сараптамадан өткізуге – 1 млн 400 мың теңге;
  • Аудан әкімдігі гаражын реконструкциялау ЖСҚ сараптамадан өткізуге – 1 млн 146 мың теңге.

 

 

 

 

 

 

2022 жылы аудан бойынша көзделген имидждік жобалар:

  1. «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының шеңберінде 2025 жылға дейін өңіраралық еңбек ұтқырлығы (Оңтүстік-Солтүстік) шеңберінде Ұлытау ауданына қоныс аударушы 24 отбасының 120 адамын қоныстандыруға                      51 млн. 279 мың теңге жоспарланған.
  2. Жезді кентінде 160 көрерменге арналған ДСК құрылысын аяқтау;
  3. Ұлытау ауылында кәріз тазалағыш имараттардың құрылысын аяқтау;
  4. Ұлытау ауылында екі 8-пәтерлі тұрғын үйден 16 пәтер сатып алу және тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаждарға бөлу.

Ауданымыз соңғы жылдары тұрғындардың татулығы мен бiрлiгiнiң арқасында ауқымды әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізуде және Мемлекет тәуелсіздігінің                     30-жылдығында өзінің серпінді дамуын жалғастырды.

2022 жылы Президентіміз қабылдаған «Жаңа Қазақстан» атты стратегиялық реформасын іске асыру шеңберінде, аудан басшылығы жергілікті атқарушы органдармен және ауылдық, кенттік округ әкімдіктерімен бірлесе елді мекендердің экономикалық белсенділігін арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа өнеркәсіптік және шағын, орта бизнес нысандарын ашу жолымен жаңа жұмыс орындарын құру, аса маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда.

Итоговый отчет акима Улытауского района Советбека Турсуновича Медебаева о проделанной работе в 2021 году в рамках социально-экономического развития района
Дата публикации
15 марта 2022