Меню

Страницы

Статья

ЖƏЙРЕМ КЕНТІНДЕ ƏКІМ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

ЖƏЙРЕМ КЕНТІНДЕ ƏКІМ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

 

Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  ауыл əкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан болатын.  

Ал осы жылдың 24 мамырында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына жəне «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаны белгілі. Осы жылдың екінші жартыжылдығында,  яғни,  25 шілде күні  Жəйрем кентінде  тұңғыш рет əкім сайлауы жүзеге асырылмақшы. Осыған орай, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрғалы Əбікенұлы  Үйсінбаевқа  жолығып,  бірнеше сұрақтар қойған едік.  

- Нұрғалы Əбікенұлы, 25 шілде күні өткізілетін  кент əкімінің сайлауына жалпы дайындық барысы қалай өтуде?

-Бүгінде  Жəйрем кенті əкімінің сайлауын өткізу жөнінде дайындық жұмыстары  тиянақты жүргізілуде. Барлық іс-шаралар Қаражал қалалық сайлау комиссиясы  бекіткен  күнтізбелік жоспар бойынша ұйымдастырылып келеді. Жəйрем аймағы бойынша  6 сайлау учаскелері бар. Оның 4-уі білім беру мекемелерінде, 1-уі мəдени-сауық орталығында, 1-уі балабақшада.  Кент бойынша бүгінгі күнде  5480 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, олардың шекаралары жəне тиісті шешімдер аймақтық «Қазыналы өңір» газетіне  жарияланған болатын. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында 36 адам бар. Барлық сайлау комиссияларының мүшелері қашықтықтан оқыту арқылы біліктіліктерін арттырды. Кент бойынша  барлық сайлау учаскелері «Қолжетімділік картасы» бағдарламасына енгізілген. Кентте мүмкіндігі шектеулі, кəмелетке толған сайлаушылар да бар. Бұл санаттағы тəртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын азаматтарға арналған кабиналар, лупалар, сайлаушылардың кемінде бір пайызының қолдау үшін трафареттер тиісті сайлау учаскелеріне таратылып қол жинау арқылы); саяси партиялар да өз мүшелері беріледі. Телефон жəне  қосымша телефон іске қосу арасынан ұсына алады. Егер ұсыну мерзімінің жұмыстары жүргізілуде.  Барлық сайлау учаскелеріне соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, паспорттар мен күнтізбелер таратылып берілді.

Қосымша заңнамалық құжаттар, плакаттар, кеңсе тауарлары, стендтер жəне сайлау учаскелеріне дауыс беру кабинасы орнатылды. Учаскелерде үлкен жəне кіші дауыс салу жəшіктері (урналар) толық.  Күнтізбелік жоспар бойынша сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімі акт арқылы беріліп, сол тізім бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сайлау учаскелерінде карантинге байланысты алдын алу шаралары да қарастырылып қойылған. Барлық учаскелерге санитарлық сақтандыру құралдары таратылады. (Бетперделер, қорғаныс экрандары, қолғаптар, антисептиктер, халаттар жəне ковриктер т.б) Індетке қарсы комиссия мүшелері вакцинациядан толық өтті. Сайлау уақытында учаскелерде санитарлық нормалар сақталып, эпидахуал бақылауда болады деп күтілуде.

Сайлаушыларды шақыру үшін берілетін «шақыру билеттері» əр үй басына таратылып жатыр. Сайлау учаскелері сол күні сағат 7.00-де ресми түрде ашылып, кешкі сағат 20.00- де аяқталады. Дауыс беру бюллетеньдерін тасымалдау үшін жекеменшік автокөлік иелерімен келісім – шарттар да жасалынды. Бұл жұмыс учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Сайлау комиссияларының құрамы толық. Қалалық сайлау комиссиясының атқарып отырған жұмыстары аймақтық «Қазыналы өңір» газетіне жəне қала əкімдігінің интернет-сайтына үнемі орналастырылуда.

- Нұрғалы Əбікенұлы, кент əкімдігіне кандидат болып кез келген адам тіркеле ала ма? Оның заңнамасы қалай жəне тіркелген кандидаттар бар ма?

- Биылғы Заңға енгізілген өзгерістер бойынша, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер əкіміне үміткерлік ұсыну мынандай тəртіптермен жүргізіледі делінген. Олар: Өзін-өзі ұсыну тəртібі (тиісті қалада немесе ауылдық округте тұратын сайлаушылардың кемінде бір пайызының қолдау үшін қол жинау арқылы); саяси партиялар да өз мүшелері арасынан ұсына алады. Егер ұсыну мерзімінің соңында екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, аудан (облыстық маңызы бар қала) əкімі үміткер ұсына алады. Үміткерлерге мынандай талаптар қойылады:

Міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы шарт, əрі жасы - 25 жастан кіші емес болуы керек. Осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптары, оның ішінде барлық мемлекеттік қызметкер сияқты жалпы шектеулер де бар. Мысалы, сотталмаған жəне жұмысқа қабілетсіздік болмау. Үміткердің заңнамада белгіленген ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі қажет.

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі əкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау науқанының мерзімі 30 күн. Ауыл əкімдерінің тікелей сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады. Тағы бір жаңалық, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "бəріне қарсы" деген бағанын енгізді. Бүгінгі күнге Жəйрем кентінің əкімдігіне ұсынылған 4 кандидаттың 4-еуі де тіркеуден өтті. Тіркелген кандидаттардың ішінде 4 ер адам. Мамандықтар бойынша 1 - учаске бастығы, 3 - басшы.

Ағымдағы жылдың 14 шілдесі күні сағат 18.00-ден бастап Жəйрем кентінің əкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Тіркелген кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне тиісті куəліктері де табысталды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін кезде барша тұрғындар өз учаскелеріне келіп, таңдауларын жасап, осы саяси науқанды ұйымшылдықпен өткізсек екен деген тілегім бар. Барша сайлаушыларды осыған шақырамын.

- Нұрғалы Əбікенұлы, тұщымды сұхбатыңызға рахмет. Істеріңізге біз де сəттілік тілейміз.

 

 

Сұхбаттасқан, Алтын ЗƏРУБАЙҚЫЗЫ

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Интервью

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы