Меню

Страницы

Статья

День, когда жители деревни делают выбор

Ауыл халқы таңдауын жасайтын күн

Алдағы жексенбі, яғни 25 шілдеде республикамыздың аумағында аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық окургтердің әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Осылайша, бұл күн де тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық шежіресіне тағы бір тарихи белес ретінде жазылатын болады.
Еске сала кетейік, ауыл әкімдерін тікелей сайлау мәселесі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының маңызды тұстарының бірі. Бұл туралы Президент өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты былтырғы Жолдауында айтып, тапсырма бергені белгілі. Таяуда осыған орай өткізген кеңесте де «бұл – біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік», деп атап көрсете отырып, алдағы саяси науқанның маңызына ерекше тоқталған болатын.
Расында да, ел ішінде осы науқанға жіті дайындық жүргізілді. Әкім сайлауы өтетін ауылдар нақтыланды, олардың саны – 730. Заңнамаға сәйкес сайлауалды жұмыстар атқарылды. Ал өткен 14 шілдеде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкім¬дігіне кандидаттарды тіркеу аяқталып, ел бойынша сайлауға қатысу үшін жалпы 2582 адам өз кандидатурасын ұсынғаны, оның 2297-сі немесе 88,9%-ы қажетті тіркеуден өткені белгілі болды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram арнасын¬да жазды. Сондағы келтірілген деректерге қарағанда, саяси партиялардан 878 адам (38,2%) ұсынылса, тіркелгендердің 1419-ы немесе 61,8%-ы өзін өзі ұсынғандар екен. Яғни әкім сайлауы ел азаматтарының тарапынан елеулі қызығушылық тудырған. Осыған орай, Қазақстан халқы бұл сайлауды да абыроймен өткізіп, әрбір сайлаушы өз таңдауын жасайды деп сенеміз. «Egemen Qazaqstan» газеті сайлау барысын жіті назарда ұстайтын болады.

egemen.kz:
https://egemen.kz/article/282518-auyl-khalqy-tanhdauyn-dgasaytyn-kun

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Пресс-релизы

Сейчас читают

13 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы