Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша есепке анықтама

Қаражал қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерінің 2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша есепке

анықтама

2026 жылдың 3 тоқсаны бойынша жалпы 1067 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

- қағаз түрінде - 0;

- қағаз нысанда, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 0;

- мемлекеттік корпорация арқылы - 69;

- электрондық түрде – 998 (оның ішінде «электрондық үкімет» веб порталы арқылы - 567, «е-лицензиялау» АЖ арқылы - 143, электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 152,электрондық нысанда көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен –136).

Шілде айында «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жер қатынастары саласында 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді.

Тамыз айында «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруаылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік және саласында 1ашық есік күнін өткізді.

Тамыз айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де ішкі бақылау жүргізілді. Екі ұсыным берілді, екі ұсыным орындалды.

Қыркүйек айында «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММтұрғын-үй саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша халықпен 1 онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММденсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша1 қызмет алушылар күнін өткізді.

«Қызмет алушылардың құқықтары» тақырыбында 20 брошюра таратылды.

Жарияланған күні

20 қазан 2026 10:24

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Түрі