Анонс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 16 наурызынан бастап 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін, 30 жұмыс күн ішінде «Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 5 мамырынан бастап 30 жұмыс күні ішінде «Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
"Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 01-31 мамыр аралығында басқарма ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды
2023 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ, "Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ, "Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ, қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен, бизнес-қоғамдастықтар және құрылыс саласының сарапшыларымен С. Қожамқұлов атындағы театрда "Құрылыс кодексі" заң жобасын талқылау, сондай-ақ "E-Qurylys" ақпараттық жүйесін енгізу бойынша іс-шара өткізді.
Құрылыс Кодексі жобасының ұсынылған нұсқасы 43 тараудан және 260 баптан тұрады. Кодексті енгізу негізгі маңызы бар құрылыс мәселелерін реттеуге, жетілдетуге және кемелдендіруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, кадр мәселесінің төмендеуі, бақылаудың тиімсіздігі, құрылыс сапасының төмендеуі, қоршаған орта мен денсаулыққа зияны мен басқа да өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді.
«E-Qurylys» бұл ғимараттар мен нысандар құрылысының сапасын бақылауды күшейту мақсатында әзірленген құрылыс саласында цифрландыруды енгізуге бағытталған мемлекеттік ақпараттық жүйе.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру және аккредиттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек шарттары бойынша «төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің еңбек шарттарын есепке алу және қызметкерлердің бейіндерін жүргізу модулін интеграциялық жұмысы жүргізілді.
Осыған байланысты, 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап өтініш беру және мәліметтер нысандарын толтыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алу және аккредиттеу үшін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер және (немесе) сарапшылар бойынша ақпарат еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен автоматты түрде алынатын болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушылар жасалған еңбек шарттары бойынша ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті (жаңа еңбек шарттары-5 жұмыс күніне дейін, еңбек шартына өзгерістер-15 күнтізбелік күнге дейін).
Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет (enbek.kz, 1414).
Құрметті қызмет алушылар, Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда жүргізіп жатқан сауалнамасын өтуде белсенділік танытуды сұраймыз.
Сауалнамаға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау жүйесіне бей-жай қарамайтын қызмет алушылар қатыса алады.
Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көорсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында "Ашық диалог" алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.