GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
21 января 2026
Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік
тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы
ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша
(https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық
кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен
кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция
жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ
кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген
атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды
ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан
басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз
салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай
қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

14 октября 2024
Президент тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

📍 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

🔺 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынды.
Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

05 сентября 2024
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкері Б.Шотов басқарманың басшысы мен мамандарының қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың мәдениеті туралы семинар өткізді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкері Б.Шотов басқарманың басшысы мен мамандарының қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың мәдениеті туралы семинар өткізді.
Семинар барысында Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылатын шаралар туралы сұрақтарын қойып, жалпы жемқорлықтың туындайтын негізгі себептері туралы пікір алмасты.
Семинар соңында, Басқарма басшысы жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметкерлермен тұрақты түрде жұмыстар жүргізілетінін айтып, Департамент қызметкеріне алғыс білдірді.

26 июня 2024
Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 28 маусымда сағат 15:00-да «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалы ғмаратында Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер даңғылы 35).

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777 260 16 60 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

29 апреля 2024
«Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізу туралы Анонс!

«Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі №4 Үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ) жобаларын іске асырылуын үйлестіру мақсатында 2024 жылдың 02 сәуірінде сағат 11:00-де Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылауды өткізетінін хабарлайды.

Қоғамдық талқылауға қатысқысы келетіндер келесі телефон номері арқылы хабарласа алады: 8 7102 600 323 (7309 ішкі).

Өткізілу орны: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 6-қабат, 611-кабинет.

19 марта 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 сәуірден 7 мамырға дейін «Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

26 февраля 2024
Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері Қаражал қаласының мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері Қаражал қаласының мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2023 жылы енгізілген МЖК автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Кездесу соңында мемлекеттік көсретілетін қызметтердің сапасын арттыру және қолданыстағы заңнаманың қатаң сақталуы бойынша ұсыныстар берілді.

26 февраля 2024
Ұлытау облысының қоғамдық кеңесіне Ұлытау облысының цифрлық технологиялар саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берілді.

Ұлытау облысының қоғамдық кеңесіне Ұлытау облысының цифрлық технологиялар саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат берілді. Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды, мемлекеттік бағдарламаларды және қажетті заңдармен көрсетілген талаптарды орындау аясында, Облыста салаларды цифрландыру бағытында жүргізілетін жұмыстар, енгізілетін шаралар және алға қойылған іс-шаралар туралы баяндалды. Оның ішінде-байланыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс, «Ұлытау облысының елді мекендерінің интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасы», Республикалық және облыстық маңызы бар трассалардағы байланыс, ​«Smart City» тұжырымдамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

15 февраля 2024
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы мобильді байланыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің соңғы отырысында «Қолжетімді интернет» Ұлттық жоспары мақұлданды, оның негізгі мақсаты ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық Жоспар шеңберінде 2024 - 2027 жылдар кезеңіне ұялы байланыс пен мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында антенна-діңгек құрылыстарын (бұдан әрі - АДҚ) салу (ТОБЖ жүргізу, АДҚ және трансмиссия орнату, электр энергиясын жеткізу) жоспарланған.

Ағымдағы жылы Ұлытау облысы бойынша республикалық маңызы бар Жезказган-Кызылорда жолында 6 мачта, Жезказган-Аркалык жолында 6 мачта, Жезказган-Караганда жолында 1 мачта және Атасу – Қаражал жолында 2 мачта салу жоспарлануда.

        Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

        Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, антенна-діңгек құрылыстарын орнату қажет болатын Республикалық маңызы бар трассалар бойындағы учаскелер анықтады.

        Қазіргі уақытта АДҚ құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

         2024 жылдың 13-15 ақапаны аралығында Ұлытау облысының цифрлық технологиялар басқармасы, Ұлытау ауданы әкімдігі және «Кар-Тел» (Beeline) ЖШС өкілдерімен АДҚ – ры салынатын орындарына бару арқылы анықтау және нақтылау жұмыстары жүргізілді.

01 октября 2023
Облыстық және республикалық трассалар бойындағы антенна-діңгек құрылыстары

Ұлытау облысына қарасты елдімекеннің көпшілігі байланыспен қамтылған. Алайда трассалардың бойында желілер тартылмаған. Салдарынан қыстақтар мен разъездердің тұрғындары және жолаушылардың байланысқа шығуы қиын. Облыс әкімі қыс мезгіліне дейін Ұлытау-Арқалық автомобиль жолының бойындағы телефон байланысы мәселесін шешуді тапсырды.


Берік Әбдіғалиұлының айтуынша бұл-әсіресе ауа-райының қолайсыз уақытында трасса маңайындағы шаруа қожалық иелері мен жолаушыларға өте қажет.

Ұлытау облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ерлан Янабаевтың баяндауынша облыстағы 25 ауылдық елдімекен 4G мобильді желісімен, 19-ы 3G, алтауы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар басқармасы, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, антенна-діңгек құрылыстарын орнату қажет болатын республикалық және облыстық трассалар бойындағы учаскелерді анықтады. Осыған орай, Министрлік тарапынан әкімдіктерге жобалық сметалық құжаттама әзірлеу бойынша тапсырма қойылып отыр.

Өңір басшысы жобалық сметалық құжаттама дайындау барысында трассалардың бойындағы қыстақтар, шаруа қожалықтары бар елдімекендер қамтылуы толық қажет екенін ескертті.

«Басты талап - байланыс желілерінің саны емес, сапасына көңіл бөлу. Қазіргі заманда облыста мүлде байланысы жоқ елдімекен атымен болмауы керек. Сонымен қатар, Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының бойына желі тарту барысында келесі жылы басталатын жөндеу жұмыстарынан залал келмеу жағын алдын ала ойластырыңыздар»-деді өңір басшысы өз сөзінде.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы