GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Басқарма туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
09 января 2025
“Беске дейін үлгер” жобасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес балаларды күту, дамыту мәселелері бойынша ата-аналарды хабардар ету үшін мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттерге арналған мобильдік қосымшаны әзірледі.​ Ата- аналарға арналған “Беске дейін үлгер”Мобильді қосымшаны жаппай таратуға қатысушылар үшін әдістемелік қолдау және жобаның үйлестірушілері үшін онлайн консультация беру үшін қолданылады.

18 июля 2024
Ұлытау облысы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін конкурс өтетіндігін хабарлайды.

Ұлытау облысы жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі білімі  бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін конкурс өтетіндігін хабарлайды.

30 апреля 2024
Ұлытау облысының білім беру ұйымдары

Ұлытау облысы бойынша мектептер саны – 87 , (Жезқазған қаласы бойынша - 20, аудан, қалалар бойынша -67 ) балабақша саны - 50 (мемлекеттік - 42, жеке меншік –8), колледждер саны - 15 (мемлекеттік -11, жеке меншік -4).  Арнайы білім беру ұйымдар саны - 4, қосымша білім беру ұйымдар -10. Білім басқармасына қарасты Облыстық әдістемелік орталығы, Ұлытау облысы білім басқармасының «Ұлытау дарыны»  дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы, Ұлытау облысы білім басқармасының «Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы), Ұлытау облысы білім басқармасының Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы бар.

29 апреля 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 мамырдан 7 маусымға дейін «Ұлытау облысының білім басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

05 апреля 2024
1 сыныпқа қабылдау

Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау туралы

ПРЕСС – АНОНС

2024 жылдың 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 9-2) тармағына сәйкес облыстың барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа қабылдау жұмысы басталады.

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе білім беру ұйымының кеңсесі арқылы қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне сәйкес келесі құжаттарды өткізу талап етіледі:

1) ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;

2) "Профилактикалық екпелер картасы»  № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.

4) білім беру ұйымының кеңсесіне құжат өткізген жағдайда түпнұсқаны сәйкестендіру үшін жеке басын растайтын құжат көрсетіледі (ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат көрсетіледі.

 

Биылғы өзгеріс бойынша құжаттар 31 тамызға (бұған дейін 1 тамызға дейін қабылданған) дейін қабылданады. Сондай-ақ, мектептердің, гимназиялардың  және лицейлердің 1-сыныбына қабылдау барысында дайындық деңгейі бағалайтын сынақтар жүргізілмейді.

         Мектептерде ұйымдастырылатын мектепалды даярлық топтарына құжат қабылдау 1-31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Сонымен қатар, жазғы демалыс уақытында мектептерде балаларды мектепке бейімдеу үшін Бүлдіршіндер мектебі ұйымдастырылады.

 

 

1 сыныпқа қабылдау

04 марта 2024
Жезқазған қаласы білім бөлімінің Балалар өнер мектебінің өнерпаздары аналарды құттықтайды!

https://www.facebook.com/100085021663622/videos/%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%B0%D0%BB%D2%93%D1%8B%D1%81/1057770408849529/

 

15 февраля 2024
Хабарландыру! Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы.

Хабарландыру! Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы.

Хабарландыру! Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы. 

            Ұлытау облысы білім басқармасының «№ 3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024-2027 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңес қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады.

Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз.

Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде

 Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Қабылдау бөлімі тел: 87066371924

Электрондық адрес: qabyldau@zhezbilboys.edu.kz  

Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары: Елеуова С.Ш. 87051948480

15 ноября 2023
Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы Хабарландыру!

 

Қамқоршылық кеңестің сайлану конкурсының өткізілуі туралы Хабарландыру!

Ұлытау облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2023-2026 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңес қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады.

Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.

Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтінім (еркін түрде);

2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

Қабылдау бөлімі тел: 8(771)2060987

Электрондық адрес: zhezabayschool@edu.kz

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Раимбекова Д.Ж. 87053175539

 

 

 

20 июля 2023
Мұғалім ретінде жұмысқа қалай орналасу қажет?

https://drive.google.com/file/d/1Ny5iKYhd8tZnhUwyXlPDZvnAkil31xnW/view?usp=drive_link

05 июля 2023
2023-2027 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысы

2023-2027 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысы

 

№

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Білім беру бағдарламалары топтарының коды және атауы

2023-2027 оқу жылына

мемлекеттікбілім беру тапсырысы-ның көлемі

(орын саны)

Оқу жылына бір студентке шығындардың орташа құны

 (теңге) күндізгі оқу нысаны

Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

басқа да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

Оқыту бағыты-бакалавриат

1

6В01 – Педагогикалық ғылымдар

1.1

6B011 Педагогика және психология

6B011 Педагогика және психология

4

1 010900

901 000

1.2

6В012

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

13

1 010900

901 000

1.3

6В003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В013 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

2

1 010900

901 000

1.4

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша

6В01505 Математика және физика

Математика және информатика

6В01507 Биология және химия

6В014 География

 

6

 

2

 

5

 

1

 

1 010900

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 901 000

1.5

6В019

Арнайы педагогика

6В019 - Арнайы педагогика

5

1 010900

 

901 000

2

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

2.1

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

В062 Электротехника және энергетика

В064 механика және маталл өңдеу

В065 көлік құралдары

В071 Металлургия

В072 Тау-кен инженериясы

 

10

 

 

8

 

 

 

8

 

8

 

8

 

1004 700           

 

1004 700

 

 

1004 700

 

 

1004 700

 

1004 700

 

920 000

 

 

920 000

 

 

920 000

 

 

920 000

 

920 000

3

6B04 Бизнес, басқару және құқық

3.1

6B04 Бизнес, басқару және құқық

В046 қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

5

799 000

714 000

4

6В095 Көлік қызметтері

6В11

Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы мен пайдалану

3

799 100

714 900

5

6В11 Қызметтер

В091Туризм

2

799 100

714 900

 

Барлығы:

90

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы