«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Ұлан ауданының білім беру мекемелерінің басшыларына «Білім беру мекемелері басшыларының жауапкершілігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Абжатович Бейсембаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Бөлімнің бас маманы А.Кабланова Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен белгіленген жауапкершілік пен шектеулерге тоқталды.

А.А.Бейсембаев білім беру мекемелері басшыларының білім беру саласындағы жауапкершілік пен шектеулерге қатысты сұрақтарына жауап берді.