Халықаралық кітап сыйлау күні

Аудан мектептерінде Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған мереке өтті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында халықаралық кітап сыйлау күніне іс-шаралар өткізілді.
Мектеп кітакпханаларында оқушылармен «Сыйға тартылған кітаптар» кітап көрмесі, «Кітап – білім бұлағы» тәрбие сағаты, «Сүйікті кітабің туралы жаз» эссе тақырыптарында жас оқырмандар байқаулары ұйымдастырылды, оның барысында жас оқырмандар достарына кітаптар ұсынады.
Мектеп түлектері, меценаттар, шаруа қожалықтарының басшылары «Мектеп кітапханасына кітап сыйла» дәстүрлі акциясы аясында 461 700 теңгеден астам сомаға 597 дана жаңа кітап сыйға тартты.
Халықаралық кітап сыйлау күні аясында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.