Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Кажумкан Алимханович Оспангалиевтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы


Құрметті ханымдар!
Көктемнің шуақты мерекесі қашанда жүрегімізді сүйіспеншілік пен ізгілікке, мейірім мен шапағатқа бөлейді. Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер! Сіздерге жемісті еңбек, мықты денсаулық, шығармашылық табыс, мерекелік көңіл-күй, жанұяларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Басталу уақыты
05 наурыз 2022
Соңғы күні
08 наурыз 2022
Оқиға түрі
Құттықтау