"Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Миссиясы: Қазіргі жағдайда - Музыкалық білім беруді болашақта оны өз мамандығы бойынша таңдайтын дарынды балалардың ғана тәрбиелеу емес, сонымен қатар мектепте оқитын барша оқушыларды өнерге деген қызығушылықтарын ояту. Олардың әрқайсысы оқу аяқталғаннан кейін сапалы білім мен жан-жақты тәрбиені қамтамасыз ете отырып, музыканы шынайы бағалаушы, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын адам болуға, жаңа заман тұлғасын қалыптастыруға, еліміздің мәдениет саласын дамытуға үлес қосатын өнерпаздарды тәрбиелеп шығару.
Мектеп қызметінің негізгі мақсаттары:
- Мәдениет деңгейі жоғары және шығармашылық ойлау қабілеті бар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;
- Тұлғаның жалпы зияткерлік, адамгершілік даму идеясын және оның рухани саласын іске асыру;
- Музыканттың қызметін саналы таңдауға дайындық;
- Азаматтыққа, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандықтарына, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мектептің негізгі міндеттері:
- Балалардың жеке дамуы мен көркем шығармашылығы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
білім алушыларды ерте бағдарлау, өнер және мәдениет саласындағы арнаулы орта және кәсіптік жоғары білім беру мекемелеріне түлектерді табысты түсуге дайындау; - Көркем-эстетикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыру, білім алушылардың оларды игеруін қамтамасыз ету;
оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру; - Өнер арқылы тұлғаны тәрбиелеу;
білім алушылардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Нәтижесі:
2018 жылдан бастап Балалар музыка мектебі – Қазақстандық Ұлттық UNESCO клубының тұрақты мүшесі.
Мектеп мұғалімдері түрлі аудандық, облыстық, республикалық педагогикалық конкурстардың жеңімпаздары атанды. Мектепте профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты - 1, магистр - 3.
Санаты бойынша: жоғары санатты 5, бірінші санатты -2, екінші санатты – 4, 7 мұғалім педагог-зерттеуші, 3 мұғалім - педагог-сарапшы, 10 мұғалім-педагог-модератор.
Мектеп оқушылары түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары.
2017 жыл Грузия Тбилиси «ART-BAYTEREK GEORGIA»
фестиваль «Ұлан» дуэті - Бас жүлде
«Жігер» домбырашылар ансамблі – Бас жүлде
2017жыл Туркия -Анталия Гран при «Шапағат» би ансамблі – 1 орын.