Бақылауда

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында Өскемен қаласын жылумен жабдықтау туралы мәселе қаралды.
Талқылау барысында «ӨЖЖ» АҚ жылу көздері бойынша жылу беру температурасы қысқы кезеңде бекітілген температуралық кестеге сәйкес, сыртқы ауа температурасына сай сақталғанына қарамастан, жылу беру маусымы басынан бастап жылумен жабдықтау сапасына, атап айтқанда пәтерлердегі ауаның қанағаттанарлықсыз температурасына 230 өтініш келіп түсті. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша тұрғындардан өтініштер жіберілген тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жоюға техникалық талаптар жазылды.
Аталған мәселені қарау қорытындысы бойынша қаланың ТҮКШ бөліміне 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының нәтижесі бойынша проблемалық учаскелерге талдау жүргізу және ағымдағы жылға арналған жөндеу жұмыстарының жоспарын ұсыну ұсынылды. «Өскемен жылу желілері» АҚ-на магистральдардың авариялық учаскелеріне жөндеу жүргізу, авариялық жағдайлар туындаған кезде осьпен және ЖМ өзара іс - қимыл схемасын пысықтау тапсырылды.