Әз Наурыз мерекесі
Наурыз мейрамы – жаңару мен берекенің, бірлік пен татулықтың мерекесі. Осыған орай Тасқарасу ауылдық округінде кең көлемде мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, киіз үйлер тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Аталған мерекелік іс-шара ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.
