"Ауладағы қабылдау" республикалық акциясы.
"Ауладағы қабылдау" республикалық акциясы өтті.
2025 жылғы 23 маусым күні Тасқарасу ауылында "Аулада қабылдау" атты республикалық акция өтті. Іс-шараға Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы, полиция подполковнигі Турусбеков Эльдар Сагынышович пен Ұйғыр аудандық прокуратура қызметкерлері қатысты.
Акция аясында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтар мен мәселелерін тікелей құзырлы органдар өкілдеріне жеткізіп, ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кездесулер қоғамдық сенімді арттыруға, сондай-ақ жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге жол ашады.
