Жиналыс
2025 жылдың 30 қаңтар күні Тасқарасу ауылдық округ әкімі Ж. Альмахуновтың халықпен тұрақты кездесуі өтті. Сонымен қатар, Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасы Н.Е. Есжан аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есебін берді.
Кездесуге ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүрген ауыл тұрғындары қатысып, өз пікірлерін білдірді. Жиында ауылдың даму мәселелері мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды.
