Пікір

Жарияланған күні: 23 қаңтар 2025

Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Біздің ауданымыздың тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр. Бұл іс-шаралар біздің табиғатымызды қорғаудың, экологиялық өмір салтын ұстану және қоршаған ортаның ластану проблемасына назар аудару үшін қажет мінез-құлық үлгісін, құндылықтар мен қасиеттерді дамытудың және насихаттаудың қаншалықты маңызды екендігінің мысалы болады.
Тасқарасу ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Камердинов Шахмурат Махамдинович