“ALAYAQ.NET” жобасы.

Жарияланған күні: 15 қаңтар 2025
“ALAYAQ.NET” жобасы.

Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, аңғал жандардың ақшасын иемденіп алатындар күн санап көбейіп келеді. Ондай алаяқтар интернет әлемінің қыр-сырын әбден меңгеріп алған. Қулығына құрық бойламайтын заманауи қылмыскерлерге қарсы сақтық шаралары жасалған сайын олардың «жаңа әдістері» таусылмақ емес. Алаяқтық қылмыстың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін “ALAYAQ.NET” жобасы аясында Тасқарасу ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Темирбаев Қуаныш ауылдық округтің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, қәзіргі уақытта көп орын алатын интернет алаяқтарынан сақтанып жүрулерін, алаяқтықтың түрлерін және қорғану әдістері мен жолдары туралы ақпарат беріп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.