8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні

Жарияланған күні: 14 наурыз 2024

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауыл әкімі ауылымызды аралап. Қазыналы қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп, тілектерін жеткізді. Өз кезектерінде ақ жаулықты қарт аналар арнайы құттықтап келген ауыл әкіміне алғыстарын айтып, ауылымызды көркейту жолындағы қызметіне табыс тіледі.