“Адам құқықтары және таңдау еркіндігі”


Бүгін ауыл тұрғындары арасында “Адам құқықтары және таңдау еркіндігі” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әр адамның жеке таңдау еркіндігі заңмен қорғалатынын түсіндіру болды.
Кездесу барысында адам құқықтарының маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, әрбір азаматтың өз еркімен шешім қабылдауға құқылы екені атап өтілді. Сонымен қатар, қоғамда кездесетін кейбір теріс түсініктерге тоқталып, қыз алып қашу әрекеті қазақтың дәстүрінде жоқ екені және оның заң бұзушылық болып саналатыны нақты айтылды.
Шара соңында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттігі түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
13 сәуір 2026
Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты мәжіліс залы
Хабарландыру
бесплатно