2026 жылы 6 ақпан күні “Салауатты сана” жобасы аясында кездесу өтті.


2026 жылы 6 ақпан күні “Салауатты сана” жобасы аясында Сүмбе ауылдық округінде лудоманияның алдын алу мақсатында аудандық Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды.Шараның басты мақсаты – қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.
Оқиға күні
06 ақпан 2026
Өткізу орны
Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты
Оқиға түрі
Кездесу
Кіру
0