Ауыл әкімінің ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Женщина выступает с докладом за трибуной на фоне большого экрана с текстом на казахском языке. Рядом за столом сидят двое мужчин.
0

2026 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 10:00-де ауылдық мәдениет үйінде ауыл әкімі Б. Алгазиевтің ауыл тұрғындары алдында атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі өткізілді.

Кездесу барысында ауыл әкімі есепті кезеңде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, елді мекеннің абаттандырылуы, санитарлық тазалығы, жолдардың жағдайы, көше жарықтандыруы, инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар, ауылдың алдағы кезеңдегі даму жоспарлары мен жүзеге асырылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелерге ауыл әкімінен тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Жиын соңында ауыл әкімі тұрғындардың белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, ауылдың одан әрі көркейіп, дамуына бірлесіп жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті.