"Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі"ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Ұйғыр ауданының, «Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Шарын ауылы 20 қыркүйек 2023 жыл
КІРІСПЕ
Шарын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 04 қыркүйек № 59н/қ өкімімен бекітілген келесі құрамындағы жұмыс тобы: Курбанов Ф.Т., ауылдық округ әкімінің орынбасары, ; Елямов Т.Т., ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы; Турдыбакиева П.А., округ әкімі аппаратының бас маманы; Кебиров М.М. жігіт басы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 12 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
«Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесі бекітілген ереже негізінде атқарады.
Мекеме қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ұйғыр ауданының, «Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ – сі құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға ретінде 2013 жылдың
14 қыркүйек бастап салық төлеуші ретінде тіркелген. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Ұйғыр ауданы әкімдігінің 20 ақпан 2013 жылғы №02-46 қаулысымен бекітілген Ұйғыр ауданының «Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің үлгілік Ережесіне сәйкес өз қызметін жүзеге асырып жатыр.
Мекеме өз жұмысын Қазақстан Республикасының төмендегі заңдары мен бұйрықтары негізінде жүргізеді:
-2015 жылдың 23 қарашасындағы №446-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2003 жылдың 20 маусымындағы №442 «Қазақстан Республикасынның Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі;
-2015 жылдың 04 желтоқсанындағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2013 жылдың 15 сәуіріндегі №88-V ҚРЗ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2011 жылдың 11 қазанындағы №483 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-2001 жылдың 17 шілдедегі №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №15 бұйрығы.
Мекеменің нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық қозғайтын қызметі (шешімдер, өкімдер) дискрециялық өкілеттіктерін жасауға ықпал ететін нормаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Әкім аппараты өз қызметінде:
Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Шарын ауылдық округінің штаттық кестесіне сәйкес қызметкерлер саны – 13 адамды құрайды, оның ішінде:
– 8 мемлекеттік қызметкер;
– 5 еңбек шарты бойынша (мемлекеттік қызметкер болып табылмайды).
Әкім аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің саны 2022 жылдың 12 ай ішінде нақты жұмыс істейтін – 13, бос орындар - жоқ, теріс себептермен жұмыстан шығарылған жоқ.
Талдау жасалған кезеңде әкім аппаратында бос орын жоқтығына байланысты мемлекеттік қызметке адам қабылданған жоқ. Жұмысқа қабылдаудың жағдайы болған кезде әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар, әкім аппараты қызметкерлерімен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ.
Талдау жүргізу кезеңінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару, қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету фактілері болған жоқ. Сонымен қатар, әкім аппараты қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу
Әкім аппараты қызметкерлерін талдау барысында жақын тумаластардың, ерлі-зайыптылардың және жақын адамдарының бірге қызмет істеуі (жұмыс) анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті өнім берушілер мен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу актілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Әкім аппараты мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет регламенттері бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру түрі: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз тасығышында.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қағаз тасығышында арқылы жүзеге асырылады.
Талдау жасалған кезеңге мемлекеттік қызметті көрсету туралы 1 өтініштер түсті. Артық құжаттарды талап ету, қызметті көрсетуден бас тарту фактілері анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрлерімен арнайы тақта орналастырылған. Бүгінгі күнге ауылдық округ әкімінің аппараты төмендегі мелекеттік қызмет көрсету түрлерін көрсетеді:
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту
- Елді мекен аумағынан құрылыс нысанын салуға жер учаскесін беру
- Елді мекен аумағында жер учаскесін беру
- Оқушыларды тегін тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру
- Ауыл тұрғындарының қажетіне қарай анықтама беру
Жоғарыда жазылғандарға сүйене отырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне мүмкіндік жоқ екендігі анықталды.
Бақылау функцияларын іске асыру
Әкім аппаратының қызметі келесі түрлерге бөлінеді:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ;
- мемлекеттік қызмет көрсету ;
- мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру ;
- салық жинау жұмыстары ;
- ауылшаруашылық жұмыстар ;
- әлеуметтік сала бойынша мәселесін қарау ;
- нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізеді ;
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібітуралы» Заңына сәйкес әкім аппаратына 2022 жылдың 12 айына 36 жеке тұлғалардан өтініштер түсіп, мерзімінде қаралды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне мүмкіндік жоқ екендігі анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін ішкі талдау нәтижелерін ескере отырып, мынадай қорытындыға келемін.
Әкім аппараты қызметін, қызметкерлерді басқару, мүдде жанжалы, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру, реттейтін заңнаманы талдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелділігі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет бағытында анықталған жоқ.
Жұмыс тобы: Ф.Курбанов
Т.Елямов
М.Кебиров
П.Турдыбакиева
Таныстым: Ауыл әкімі Б.Алғазиев