Ұстаздар күні
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем»
2026 жылдың 5 қазан күні Ұстаздар күніне орай «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіріп жүрген бірқатар ұстаздарымыз Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға, шәкірт жүрегіне білім нәрін себетін жан. Ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық!
Барша ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге толағай жетістік және шәкірттеріңіздің биік белестерден көрінуін тілейміз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! 💐