
Бүгін аудан әкімі Б. Елеусізова Кіші Диқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, олар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Тұрғындар әкімдік тарапынан берілген жауаптарға қанағаттанушылық білдіріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жергілікті халықтың талап-тілектері назарға алынды.
Кездесу аяқталған соң, аудан әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, әрбір тұрғынның мәселесіне мұқият назар аударды. Әр өтінішке жан-жақты талдау жасалып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.